30
мамыр
2025
«Әжелер – шаңырақтың алтын қазығы»
«Әжелер – шаңырақтың алтын қазығы»
Даналарым армысың, балаларым бармысың!
Ұмытылмай сақталсын асыл мұра дәстүрің,
Ерте тұрып езілмей, жасыңнан үйрен тежілмей
Бой қыздырып, ой жүргізіп, шапшаң баста күніңді!
Отбасы – тәрбиенің қайнар көзі. Бала тәрбиенің алғашқы бастамасын отбасында алады, онда адамгершілік тәрбиесінің негізі қалыптасады. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлер мен асыл мұратқа баулу отбасында іске асырылады. Адамдар арасындағы өзара түсіністікке әкелетін айналасындағыларды жақсы көру және оларға құрмет көрсету дәстүрлері отбасында қалыптасады. Отбасында балаларды тәрбиелеумен көбінесе аға буын – аталар мен әжелер айналысты. Дана қарттар отбасындағы дәстүрлерді сақтап, оларды өскелең ұрпаққа жеткізеді. Жаңа нормативтік-мазмұндық тәсілдерді іске асыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алдына ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар қойылады. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер оқутәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен тығыз байланыс орната отырып, тәрбиелеу мен оқытуды ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарға негіздеп, балаға жайлы жағдайлар жасауы қажет. Бұл баланың бойында қажетті дағдылардың қалыптасуына, олардың дербес әрекет етуіне, еркіндікті сезінуіне ықпал етеді.