23
сәуір
2025
Семинар «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту»
«Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту»
Жылдық жоспар бойынша педагог - психолог Алмабекова М.Б. өткізген семинары
«Ойын» -бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс-әрекеттің түрі.
Ойын баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,алған білімдерін тереңдете түседі.Ойын баланың білімін тереңдете және түрлендіре түседі,әрі пысықтайды.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рольдік ойындар баланың зейінін,ойлау қабілетін,қиялын қалыптастыруда зор маңыз алады.Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.Ал,ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды.Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Балабақшасына пайдаланылатын ойын түрлері өте көп. Білім беру саласында өскелең ұрпақты дамыған елдердің қатарында көру үшін үздіксіз еңбек етуде кез-келген педагогтың алдына қойған мақсаты – оқу-тәрбие сапасын көтеру үшін балалардың қызығушылықтарын арттырып,танымдық қабілетін дамыту.Бұл мақсатты жүзеге асыру педагогтың шеберлігі мен біліктілігіне байланысты.Егер сабақ тартымды да қызықты болса,балаларға өтілген сабақты игеру де оңай болады. Білім беру саласында балалардың білімді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін,әр түрлі жаңа технологиялар ауадай қажет.Сондай технологиялардың бірі – ойын элементтерін пайдалану.