15
мамыр
2025
15 МАМЫР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ
15 МАМЫР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ
Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отасы күні еліміздің түкпір-түкпірінде аталуда.Қай уақытта болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Бала тәрбиесіне жіті мән берген. Қазақ танымындағы әке-шеше, аға-ініге, туған-туысқа қатысты мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп халқымыз қашан да отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, биік ұстап бекемдеп отырған.