«Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас» "ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ" » КГКП "Ясли сад № 57"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 2-38-35-61
Әдіскер:
+7 7015865049
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас» "ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ"
02
маусым
2025

«Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас» "ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ"

"Әкелі бала – жаужүрек, жиын тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын, тастан да өткізер жебесін" дейді. Өзіне қорған болған әкесінің арқасында алшаң басып, бар шаруасын бітіріп, алдына кездескен кез-келген қорғанды бұзуға дайын болады.
Қазіргі кезде балаларға қоғамның ықпалы барған сайын күшейе түсуде, олардың тәрбиесіне түрлі мекемелер мен ұйымдар қатысады. Ал, отбасы ше? Оның тәрбие берудегі рөлі қандай? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі.Қазіргі уақытта жұмыс басты аналар мен әкелердің барлығының бірдей балаларды тәрбиелеуге уақыттары бола бермей, соңында отбасындағы тәрбиеге жұмсалатын еңбек өте өнімсіз еңбекке айналуда. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды.
Біздің балабақша тәрбиеленушілерінің осындай әкелері үлгі болып, бала тәрбиесіне, балабақша өміріне белсене қатысқан: "Көгершін" тобынан Әкесі: Назарханов Нурсултан Махсетбайұлына және баласы: Назархан Айбарға, Әкесі: Нотай Ерболға және баласы: Ерболұлы Есенге, “Тулпар” тобынан Әкесі Мусаев Равильге және баласы Мусаев Райдке, "Гүлдер" тобынан белсенді әке Сабырханов Олжас Ағманұлына ерекше алғыс білдіреміз!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив