"Үздік педагог-2025"
КМҚК «№57 бөбекжай-балабақшасы» жұмыс жоспары бойынша ақпан айында жас мамандардың біліктілігін көтеру, олардың өз бетінше білімін жетілдіру мақсатында «Үздік педагог - 2025» байқауы өткізілді. Байқауға тәрбиеші мамандар Қожанова Гүлжамал, Кубенова Бахыт, Құлыбекова Құралай, Темірәлиева Мәдина, Беккулова Салтанат, Тунгатарова Карлыгаш, Сенгирбаева Жазира қатысты, олар Ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педагогтарды қолдау және кәсіби педагогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында өткізілген сайысқа қатысуға ниет білдіріп, 5 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты.
«Үздік педагог - 2025» байқауы 5 кезең бойынша өткізілді.
1. Таныстыру кезеңі: «Мен таңдаған мамандық» (сұхбат, бейнеролик);
2. «Педагогтің білімін бағалау» ПББ сұрақтары;
3. «Менің іс-тәжірибем» кезеңі. Ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған ойындар, материалдар ұсыну;
4. Озық педагогикалық тәжірибенмен бөлісу, шебер сынып көрсету.
5. «Өнерлі педагог» кезеңі. (Би, ән, көркем сөз, пародия, т.б.)
Бағалау өлшемдері:
1. Педагогтің күрделі педагогикалық жағдайды шешуде оңтайлы жол таба білуі;
2. Педагогикалық мәселелерді шешуде кәсіби дағдысының қалыптасу дәрежесі;
3. Жалпы және кәсіби эрудициясы;
4. Сөйлеу мәдениетінің айқындылығы, дәлдігі;
Бағалау критерийлері:
Ойын нақты және түсінікі жеткізуі;
Ой өрісінің кеңдігі;
Жаңашылдығы.
Сауаттылығы.
Дәлелділігі.
Ерекшелігі.
Байқау қызықты да танымды өтті. Қатысушылар тапсырмалардың бәріне де шығармашылықпен қараған. Жоғары ақпараттық мәдениеттілікті, білім мен білікті, дарындылықты, көтеріңкі көңіл сезімін көрсете білді.