Жылдық жоспар » Страница 41 » КГКП "Ясли сад № 57"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 2-38-35-61
Әдіскер:
+7 7015865049
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Баламен қарым-қатынас мәдениеті"
03
наурыз
2017
"Баламен қарым-қатынас мәдениеті"
Ересектер "Көгершін", "Бозжорға", "Шағала" және "Тұлпар" топтарында "Баламен қарым-қатынас мәдениеті" тақырыбында кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді. ата-аналарға тәрбиешілер тақырыпқа сай слайд көрсете отырып, қысқаша баяндама жасап, пікір алмасты. Жинылыс соңында балабақша меңгерушісі Г.А. Бельгибаева ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, жиналысқа қатынасқан ата-аналарға ризашылығын білдірді.          
"Бала тәрбиесіндегі ойынның рөлі"
03
наурыз
2017
"Бала тәрбиесіндегі ойынның рөлі"
Ортаңғы "Жұлдыз" және "Қарлығаш" топтарында "Бала тәрбиесіндегі ойынның рөлі" тақырыбында кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді. жиналыс тақырыптық оқу қызметі түрінде өтті. Ата-аналар тәрбиешілердің қойған әрбір сұрақтарына жауап бере отырып, жиналысқа қызғушылық танытты. жиналыс соңында балабақша меңгерушісі Г. А. Бельгибаева ата-аналардың балабақша жайында қойған сұрақтарына жауап бере отырып, жиналысқа қатынасқан ата-аналарға алғысын білдірді.              
І кіші "Құлыншақ" тобы -"Пойыз"
02
наурыз
2017
І кіші "Құлыншақ" тобы -"Пойыз"
І кіші "Құлыншақ" тобының тәрбиешілері бүлдіршіндерді оқыту мен тәрбиелеу барысындағы іс-тәжірибелерін көрсету барысында "Таным" білім беру саласы, Құрастыру бөлімінен "Пойыз" тақырыбында ашық оқу қызметін көрсетті.
"Әкем, шешем және мен" отбасылық спорттық жарыс
27
ақпан
2017
"Әкем, шешем және мен" отбасылық спорттық жарыс
2017 жылы 27-ақпан күні балабақшамызда отбасылық "Әкем, шешем және мен" спорттық жарыс өткізілді. Спорттық жарысқа ересектер және мектепалды даярлық топтарынан барлығы 6 топ қатынасты. Жарыс соңында балабақша меңгерушісі әділқазылардың берген ұпайы нәтижесімен "Аққу" және "Шағала" топтарының отбасыларын жеңімпаз деп танып алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады және спорттық жарысқа қатынасқан ата-аналарға ризашылығын білдірді.                           
"Отбасы мен тәрбиешінің бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы"
27
ақпан
2017
"Отбасы мен тәрбиешінің бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы"
І кіші "Құлыншақ" тобының кезекті ата-аналар жиналысы психология кабинетінде өтті. Жиналысқа 12 ата-ана қатынасып күн тәртібі бойынша ата-аналарға "Отбасы мен тәрбиешінің бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы" тақырыбында баяндама оқылып, пікір алмасты.Жинылыс соңында балабақша меңгерушісі Г. А. Бельгибаева жиналысқа қатынасқан ата-аналардың сұрағына жауап бере отырып, алғыс айтты.  
"Баланы шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеу"
21
ақпан
2017
"Баланы шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеу"
Мектепалды даярлық "Аққу", "Ботақан" және "Гүлдер" топтарында "Баланы шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеу" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барасында тәрбиешілер ата-аналармен тренинг өткізіп, баяндама оқи отырып, пікір алмасты. Жиналыс соңында балабақша меңгерушісі Г. А. Бельгибаева ата-аналардың сұрағына жауап беріп, жиналысқа қатынасқан ата-аналарға ризашылығын білдірді.