11
желтоқсан
2025
Тәуелсіздік – тұғырымыз!
Тәуелсіздік – тұғырымыз!
Балабақшамызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырымыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекенің басты мақсаты – тәрбиеленушілердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.
Іс-шара барысында балалар Отан, туған жер, Тәуелсіздік туралы тақпақтар айтып, патриоттық әндер орындады. Мерекенің ерекше көркіне айналған балабақша тәрбиеленушілерінен құралған балалар оркестрі көрермендерге әсерлі музыкалық композициялар ұсынып, өз өнерлерін паш етті. Балалардың орындауындағы әуендер мерекелік көңіл-күй сыйлап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңында бүлдіршіндер еліміздің жетістіктері мен тәуелсіздіктің маңызы туралы мағлұмат алып, туған еліне деген мақтаныш сезімдерін білдірді.
Тәуелсіздік күніне арналған бұл мерекелік іс-шара жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеуге өз үлесін қосты.