12
желтоқсан
2025
«Ұлттық бренд» шеруі балабақшада
Алматы қаласы, Әуезов ауданы №57 бөбекжай-балабақшасында Тәуелсіздіктің 34 жылдығына арналған мазмұнды шара өтті. Ел тарихын, ұлттық болмыс пен салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған «Ұлттық бренд» шеруі балабақша мен ата-аналар арасындағы тәрбиелік сабақтастықты нығайтып, жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталды.
«Өткенін ұмытқан — ұлт болудан қалады» деген дана сөзді арқау еткен бұл шара — тек сәндік дефиле емес, халқымыздың мәдени мұрасын жаңғыртуға арналған тағылымды қадам. Қазақы киім – ұлт руханиятының бөлшегі. Сондықтан да бұл мерекелік шеру ұлттық нақыштың терең мәнін ашып, жас буынға ұлттық дүниетанымды саналы түрде жеткізуді көздеді. Балабақша меңгерушісі Абдикадырова Алия Слановна шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің қазақ халқы үшін маңызын атап өтті. Ата-ана мен балабақша бірлесе отырып жасайтын тәрбиелік жұмыстың маңызын айта келе, «Ұлттық бренд» жобасы ұлттың өзегін балалар санасына ерте сіңіруге зор ықпал ететінін жеткізді. Ұлттық шеруіміздің әділқазылар алқасы да ерекше құрметпен таныстырылды: – Ардагер ұстаз Бельгибаева Гульнар Айтбаевна, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан тәжірибелі педагог, балабақша меңгерушісі Абдикадырова Алия Слановна, әдіскер Молдабекова Гаухар Мартбековна. Шеру үш кезеңнен тұрды
Аналар мен балалар шығармашылық түрде өз жұптарын таныстырды. Әрбір отбасы өздерінің шағын сахналық нөмірлерін ұсынылып, бір-біріне деген сүйіспеншілікті, ұлттық дәстүрлерге құрметті, отбасылық құндылықты көркем бейнелеп көрсетті. Таныстыру барысында ұлттық нақыштағы бейнелеулер, шағын хореографиялық элементтер, шығармашылық композициялар көрермендерді ерекше әсерге бөлеп отырды.