Балалардың антрометриялық өсуін бақылау мақсатында балабақшаның медбикесі М.И. Барменбекова балалардың бойын өлшеді. Тәрбиешілер балаладың бойларына сәйкес топтағы үстелдерді сәйкестендірііп қойды.
Алматы қаласына көшіп келіп, 3 және 1,5 жастағы балаларын балабақшаға кезекке қоюға және орналастыруға көмек сұрап келген ата-анаға балабақшаның әдіскері Ү.Томпай кеңес беріп, https://balabaqsha.bilimalmaty.kz/ сайтын туралы түсіндірді
Балабақшаға келмейтін баланы қандай оынмен қызықтыруға болады?-деген сұраққа жауап беру үшін балабақшаның әдіскері Үміт Томпай кеңес сұрап келген ата-анаға дидактикалық ойын түрлерін ұсынды. баланы қызықтыруға арналған ойындардың керексіз заттардан жасауға болатынын үйретті.
Балабақшаның педагог-психологы Алмабекова Мөлдір баласын балабақшаға беруге қорқатын, үйде отырған баласын балабақшаға қалай бейімдеуге болады деген сұрақпен келген ата-анаға кеңес берді. Кожанова Гулжамал 4 жастағы баласы Диасты сентябрь айынын бастап балабақшаға беруге шешім қабылдады.
Жылдық міндеттемелердің орындалуы барысында тәрбиешілер "Қауіпсіздік ережелерімен таныстырамыз" атты су тасқыны, өрт, жер сілкінісі туралы балалардың білімін арттыруға арндаған көрнекі құралдар дайындады
Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруде жасап жатқан еңбегі және Әуезов ауданы білім бөлімінің жұмысындағы белсенділігі, жүйеліоік пен бірізділікті сақтау барысындағы жетістігі үшін ауданымыздың "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының төрайымы Нүспекова А. Л. келіп басшымыз Бельгибаева Гульнар Айтбаевнаны "Құрмет грамотасымен" марапаттап алғыс айтты.