Өзін-өзі бағалау - КГКП "Ясли сад № 57"

«Ұлттық бренд шеруі» – балалар арасындағы сән көрсетілімі

ОТБАСЫ КҮНІ - БАЛАБАҚШАДА “15 мамыр Халықаралық отбасы күні” мерекесіне орай ұйымдастырылған “Әкем, анам және мен” атты спорттық жарыс.