Іс-шаралар - КГКП "Ясли сад № 57"

«Өнерім саған, Қазақстан!» ән мен би кеші

Педагогтер Жеңіс күніне арналған іс-шараға қатысты

«Сапа және инновация: баланы жан-жақты дамыту тәжірибесі - «Step by step» технологиясы»

«Жаңа жылдық мейірім» қайырымдылық акциясы

«Ұлттық бренд шеруі» – балалар арасындағы сән көрсетілімі

«Ұлттық бренд» шеруі балабақшада

Тәуелсіздік – тұғырымыз!

«Отаным – менің жүрегімде!» атты мәнерлеп оқу сайысы

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

«Өрт қауіпсіздігі – өмір кепілі»