№57 бөбекжай-балабақшасында біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты іс-шара өткізілді » КГКП "Ясли сад № 57"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№57 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 2-38-35-61
Әдіскер:
+7 7015865049
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №57 бөбекжай-балабақшасында біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты іс-шара өткізілді
24
қаңтар
2025

№57 бөбекжай-балабақшасында біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты іс-шара өткізілді

Маңызы терең, ойды дәл берген мақалды даналық сөз дейміз. Оның құдіреті кез-келген дау-жанжалды да тоқтата алады. Мақал-мәтелді орнымен қолданудың маңызы зор. «Аталы сөзге арсыз ғана қарсы шығады» деген сөзді семсер еткен би-шешендерді ұмытып барамыз.
Мақал адам өмірінің барлық саласын қамтыған. Бірақ бүгінгі заманда мақал-мәтелдің тәрбие екенін көбі біле бермейді. Мысалы, «Еңбек түбі – береке» деген мақал еріккеннен айтылған сөз бе? Береке-байлықтың еңбектену арқылы келетінін заңдай түсіндіріп тұр емес пе?! Ал қазір үлкен де, кіші де ұйқыдағы уақыттан басқасын телефон қараумен өткізеді.
Мақалдың ойды, бойды тәрбиелеу құдіреті бар. Ол білім мен өсуді ойлаған балаға өмірін, өзінің болашағын дұрыс бағыттауға үйретеді. Баланың тілін дамытып, жақсылыққа, қиындықтарды қорықпай жеңуге көмектеседі. Қараңызшы: «Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен», «Оқу – білім азығы, білім – өмір қазығы», «Еңбектің наны тәтті» сияқты мақалдарға мұқият мән берсек, нені ұғамыз? Айту – оңай, ал мақал бойынша өзіңді түзеу, солай істеу оңай ма? Оңай болса, неге көп адамдар «ауырдың үсті, жеңілдің астын» жақсы көреді. Ойланайықшы.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив