13
қаңтар
2026
Ересек топ балалары арасында «Мақал-мәтел – сөздің мәйегі» сайысы өтті

Балабақшамыздың ересек тобында балалардың тіл байлығын дамыту және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Мақал-мәтел – сөздің мәйегі» атты сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер мақал-мәтелдерді жатқа айтып, олардың мағынасын түсіндіріп, түрлі танымдық тапсырмаларды орындады. Балалар белсенділік танытып, тапқырлығы мен есте сақтау қабілеттерін көрсетті.
Сайыстың мақсаты – балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту, ой-өрісін кеңейту және халқымыздың даналық сөздерін бойына сіңіру болды. Қатысушылар өзара жарыса отырып, ұйымшылдық пен әділ бәсекелестік үлгісін көрсетті.
Іс-шара соңында барлық балалар мадақтамалармен марапатталып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Мұндай танымдық сайыстар балалардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, ұлттық мұраға деген сүйіспеншілігін арттырады.