29
желтоқсан
2025
«Жаңа жылдық мейірім» қайырымдылық акциясы

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балабақшамызда «Жаңа жылдық мейірім» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – қамқорлық пен мейірімділікті насихаттау, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету және балалардың бойында ізгілік қасиеттерін қалыптастыру.
Аталған игі шараға балабақша әкімшілігі, педагогтер және ата-аналар белсенді түрде атсалысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында азық-түлік, киім-кешек, ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар жиналып, мұқтаж отбасыларға табысталды.
Қайырымдылық – адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы бүлдіршіндер үлкендердің өнегелі ісінен үлгі алып, жақсылық жасауға ұмтылады.
Балабақша әкімшілігі акцияға белсенді қатысып, қолдау көрсеткен барлық ата-аналарға шынайы алғысын білдіреді. Бірлігіміз бен жанашырлығымыздың арқасында көптеген жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлай алдық.
Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш, береке және молшылық әкелсін!