15
сәуір
2026
«Сапа және инновация: баланы жан-жақты дамыту тәжірибесі - «Step by step» технологиясы»
«№57 бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Сапа және инновация: баланы жан-жақты дамыту тәжірибесі - «Step by step» технологиясы» тақырыбында халықаралық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған алаңға айналды. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді қамтыған бұл маңызды жиынға Алматы қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдар жанынан құрылған құзыреттілік орталықтарының әдіскерлері мен мектепалды топ тәрбиешілері қатысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Семинар қатысушыларды жылы қарсы алудан бастау алып, балабақша кіреберісінде «Баланы жан-жақты дамыту тәжірибесі» атты көрме ұсынылды. Көрмеде заманауи білім беру технологиялары, балалардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық материалдар мен әдістемелік құралдар таныстырылып, келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шараның ресми ашылуында «№57 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК меңгерушісі Абдикадырова Алия Слановна алғы сөз сөйлеп, семинардың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды енгізу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың әдіскері Сатыбалдиева Жазира Бескемпировна да сөз алып, педагогтердің кәсіби дамуы мен тәжірибе алмасудың маңызын ерекше атап өтті.
Семинар аясында балабақша меңгерушісі Абдикадырова Алия Слановна «Step by step» технологиясы негізінде баланы жан-жақты дамыту тәжірибесі туралы мазмұнды презентация ұсынып, аталған әдістеменің тиімді тұстарын нақты мысалдар арқылы көрсетті. Ал ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың халықаралық қорының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Колумбаева Зауреш Ермековна мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі халықаралық тәжірибелерге тоқталып, инновациялық бағыттағы жұмыстардың маңызын кеңінен тарқатты.
Тәжірибелік бөлімде «№57 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі Омарова Гульмира Нышанхановна «Қызықты логика әлемі: «Step by step» әдісімен саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетіп, балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Балалардың белсенділігі, қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттері аталған технологияның нәтижелілігін айқын көрсетті.
Семинарда сондай-ақ «№172 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК меңгерушісі Бияхметова Гульнар Кукентаевна «Step by step» технологиясын білім беру және тәрбие үдерісіне енгізу жолдарын таныстырса, аталған балабақшаның тәрбиешісі Тышабаева Гүлнұр Карынбаевна ұйымдастырылған іс-әрекет барысында қолдану ерекшеліктерімен бөлісті. Ал «№112 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК меңгерушісі Жуматаева Жанар Кенесбековна топтық жиын форматындағы жұмыстың тиімділігіне тоқталып, тәрбиеші Муханова Гүлсынай Муратовна педагогтермен практикалық жұмыс жүргізудің маңызын көрсетті.
Халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасу мақсатында Новосибирск қаласынан қосылған мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Дружинина Наталия Васильевна «Мектеп жасына дейінгі балалардың 4K құзыреттілігін дамыту» тақырыбында бейнелекция ұсынып, қазіргі заман талаптарына сай баланың сыни ойлау, креативтілік, коммуникация және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру жолдарын жан-жақты түсіндірді.