05
ақпан
2025
"Жұлдыз" тобының тәрбиеленушілері және ата-аналарының қатысуымен "Біз ептіміз!" атты қысқы ойыны
Балабақша тәрбиеленушілірін шапшаңдыққа, ептілікке ,бір қатармен жүруге, бір аяқпен және қос аяқпен секіре алуға, доға астымен жүруге жаттықтыру. ата-аналарымен бірігіп ойнауға қызығушылықтарын арттыру. Көрсетілген жаттығуды жасау кезінде тепе-теңдіктті сақтап, достық сезімге тәрбиелеу. Балабақша мен отбасы арасындағы байланысты нығайту, ата-аналар мен балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бірлескен ойын арқылы жағымды психологиялық орта қалыптастыру.
Міндеттері:
- Сауықтыру: Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, ептілік, жылдамдық және төзімділік қасиеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, бірін-бірі сыйлауға және намысшылдыққа тәрбиелеу. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру.
- Дамытушылық: Спорттық ойындарға деген қызығушылықты ояту және көңіл-күйлерін көтеру.
- Сапқа тұру: Командалар (бала мен ата-ана) музыка әуенімен кіріп, шеңбер бойымен немесе қатармен тұрады.
- Сәлемдесу: Жүргізуші қатысушыларды құттықтап, шараның мақсатын таныстырады.
- Таныстыру: Әр топ өз атын және ұранын айтады.
- Көңілді жаттығу: Музыка ырғағымен барлық қатысушылар жеңіл сергіту жаттығуларын жасайды.
Ойындарды қызықты
- «Көңілді пойыз»: Бала ата-анасының артына жабысып, кедергілер арасымен жүгіріп өтеді.
- «Епті жұп»: Ата-ана мен бала допты маңдайларымен қысып ұстап, межеге дейін құлатпай апаруы тиіс.
- «Туннель»: Балалар ата-аналар құраған «тізбек» туннель астынан еңбектеп өтіп, соңында жалаушаны көтереді.