Консультациялық пункт - КГКП "Ясли сад № 57" http://57.almatybala.kz/ ru Консультациялық пункт - КГКП "Ясли сад № 57" DataLife Engine Консультациялық пункт http://57.almatybala.kz/meroprijatija-prazdniki/pedagog-psihologty-zhmystary/987-konsultacijaly-punkt.html http://57.almatybala.kz/meroprijatija-prazdniki/pedagog-psihologty-zhmystary/987-konsultacijaly-punkt.html ]]>  - балалардың сөздік қорларын дамыту; 
- жаңа сөздерді меңгерту; 
- үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып  саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шынайы тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.  Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.  ]]>
admin Mon, 02 Jun 2025 19:10:00 +0600
15 МАМЫР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/974-15-mamyr-halyaraly-otbasy-kn.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/974-15-mamyr-halyaraly-otbasy-kn.html ]]> 15 МАМЫР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІБіздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отасы күні еліміздің түкпір-түкпірінде аталуда.
Қай уақытта болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Бала тәрбиесіне жіті мән берген. Қазақ танымындағы әке-шеше, аға-ініге, туған-туысқа қатысты мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп халқымыз қашан да отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, биік ұстап бекемдеп отырған.
]]>
admin Thu, 15 May 2025 09:06:05 +0600
«Кішкентай балаларға арналған үлкен мәселелер» http://57.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/972-kshkentaj-balalara-arnalan-lken-mseleler.html http://57.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/972-kshkentaj-balalara-arnalan-lken-mseleler.html ]]> • Бала үйде қандай ортада?
• Ата-аналар баласының балабақшаға бейімделуіне көмектесе ме?
• Ата-аналар мен тәрбиешілер бір-бірімен қарым-қатынаста ма?
• Балабақша қызметкерлері бейімделу процесіне қалай әсер етеді? Баланың ұжымның бір бөлігіне айналуына кедергі болатын «төбешіктерді» танып, психолог оны балабақшада ыңғайлы психо-эмоционалды жағдайға жетуге бағыттайды. Кейде психологтың араласуынсыз баланың балабақшаға бейімделуі өте қиын. Балаларды дамытуда мектепке дейінгі психологтың еңбегі баға жетпес. Маман рентгендік сурет сияқты әрбір мектеп жасына дейінгі баланың интеллектуалдық және коммуникациялық қабілеттерін, психикалық жағдайын, есте сақтау қабілетін, зейінін анықтай отырып, диагноз қояды. Нәтижелерді алған психолог балабақша тәрбиеленушілерімен әртүрлі іс-шаралар өткізеді: ойындар, жаттығулар, тренингтер, әңгімелер. Мұндай іс-шараларда ең бастысы - балалардың олардан ләззат алуы. Сондықтан олар балалар үшін қызықты және танымдық түрде өткізіледі - бұл ертегі, сурет салу, аппликация, модельдеу, құммен жұмыс, музыкалық үзілістер, дене жаттығулары және т.б. Психологпен сабақтан кейін балалар өз таланттарын ашып, қарым-қатынас кедергісін жеңіп, ұжымда оңай араласады.]]>
admin Tue, 22 Apr 2025 16:49:04 +0600
1 сыныпқа барғанға дейін ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУ http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/989-1-synypa-barana-dejn-zyrettlkt-arttyru.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/989-1-synypa-barana-dejn-zyrettlkt-arttyru.html ]]> ]]> admin Mon, 14 Apr 2025 12:44:36 +0600 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/988-mektepke-dejng-zhne-bastauysh-blm-berud-arasynday-sabatasty.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/988-mektepke-dejng-zhne-bastauysh-blm-berud-arasynday-sabatasty.html ]]> ]]> admin Mon, 07 Apr 2025 12:39:33 +0600 Балабақшаға баланы кезекке қою және орналастыру http://57.almatybala.kz/meroprijatija-prazdniki/pedagog-psihologty-zhmystary/961-balabashaa-balany-kezekke-oju-zhne-ornalastyru.html http://57.almatybala.kz/meroprijatija-prazdniki/pedagog-psihologty-zhmystary/961-balabashaa-balany-kezekke-oju-zhne-ornalastyru.html ]]> Алматы қаласына көшіп келіп, 2,5 жастағы баласын балабақшаға кезекке қоюға және орналастыруға көмек сұрап келген ата-анаға балабақшаның әдіскері Молдабекова Г.М. кеңес беріп, https://balabaqsha.bilimalmaty.kz/ сайтын туралы түсіндірді]]> admin Tue, 25 Feb 2025 18:45:14 +0600 "Балалар үшін интернет желісінің қауіпсіздігі" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/950-balalar-shn-internet-zhelsn-aupszdg.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/950-balalar-shn-internet-zhelsn-aupszdg.html ]]> Балалар үшін интернет желісінің қауіпсіздігі
Қазіргі заманғы технологияның дамуы балалардың интернетті ерте жастан бастап пайдалануына мүмкіндік береді. Дегенмен, интернеттің пайдасымен қатар, ол балалар үшін түрлі қауіптерді де тудырады. Ата-аналар мен педагогтер баланың онлайн кеңістікте қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды білуі керек
1. Балаларға төнетін интернет қауіптері
Балалар интернетті ойын ойнау, видео көру, білім алу және қарым-қатынас жасау үшін пайдаланады. Бірақ олардың сандық сауаттылығы толық қалыптаспағандықтан, түрлі қауіп-қатерлерге тап болуы мүмкін.
1.1. Кибербуллинг (Интернеттегі қорқыту және мазақтау)
  •      Әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде балаға бағытталған дөрекі пікірлер, мазақтау немесе қорлау әрекеттері.
  •      Баланың өзін-өзі бағалауын төмендетіп, эмоционалдық күйзеліс тудыруы мүмкін.
1.2. Жеке деректердің қауіпсіздігі
  •      Баланың жеке ақпараты (аты-жөні, мекенжайы, мектеп атауы) бөтен адамдардың қолына түсіп кетуі мүмкін.
  •      Алаяқтар немесе қылмыстық топтар бұл ақпаратты пайдаланып, зиян келтіруі ықтимал.
1.3. Зиянды контент
  •      Балаларға арналмаған, зорлық-зомбылық, агрессия немесе ересектерге арналған материалдар бар сайттарға кіру қаупі.
  •      Жалған ақпараттың әсерінен баланың ой-санасына теріс ықпал ету.
1.4. Онлайн-алаяқтық
  •      Балаларды алдап, олардың жеке мәліметтерін алу немесе төлем карталарын пайдалану.
  •      Интернеттегі ойындар мен қосымшалар арқылы ақша бопсалау.
1.5. Қауіпті таныстықтар
  •      Балалар бейтаныс адамдармен сөйлесіп, олардың манипуляциясына түсіп қалуы мүмкін.
  •      Қауіпті адамдар сенімге кіріп, жеке кездесуге шақыруы ықтимал.
2. Балалардың интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары
Интернеттегі қауіптерден қорғау үшін ата-аналар мен педагогтер келесі ережелерді сақтауы қажет.
2.1. Балалармен ашық сөйлесу
- Балаға интернеттің пайдасы мен қауіптері туралы түсінікті тілмен айтып беру.
- Бейтаныс адамдарға жеке ақпарат беруге болмайтынын түсіндіру.
- Кибербуллинг жағдайында ата-анасына немесе мұғаліміне бірден хабарлауы керектігін айту.
2.2. Қауіпсіздік бағдарламаларын орнату
- Ата-ана бақылауы қосымшаларын пайдалану (Kidslox, Kaspersky Safe Kids, Google Family Link).
- Балалардың кіруіне тыйым салынған сайттарды бұғаттау.
- Вирусқа қарсы бағдарламаларды орнатып, интернет қауіпсіздігін күшейту.
2.3. Жеке мәліметтерді қорғау
- Баланың әлеуметтік желілердегі профилін жеке (private) ету.
- Туған күні, мекенжайы, мектеп атауы сияқты жеке ақпаратты бөліспеу.
- Құпиясөздерді күрделі етіп жасау және оларды бөтен адамдарға айтпау.
2.4. Онлайн тәртіп ережелерін үйрету
- Интернет этикетін сақтау: сыпайы сөйлеу, басқаларды ренжітпеу.
- Тексерілмеген сілтемелерге өтпеу және белгісіз файлдарды жүктемеу.
- Шынайы өмірде кездеспейтін адамдармен интернетте байланыспау.
2.5. Интернет уақытын шектеу
- Күніне белгілі бір уақытқа ғана интернет қолдануға рұқсат беру.
- Экран алдында ұзақ уақыт өткізуді азайтып, оффлайн іс-шараларға (спорт, кітап оқу, шығармашылық) көңіл бөлу.
- Балалармен бірге интернетті пайдалы пайдалану (онлайн-оқыту, білім беру сайттарын қарау).
Қорытынды
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі – ата-аналар мен педагогтердің жауапкершілігінде. Интернетті дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыру арқылы балаларды киберқауіптерден қорғауға болады. Ең бастысы, балалармен сенімді қарым-қатынас орнатып, олардың интернеттегі әрекеттерін үнемі қадағалап отыру қажет.
Балаларға интернетті дұрыс әрі қауіпсіз пайдалануды үйрету – олардың болашағын қорғау деген сөз!]]>
admin Mon, 03 Feb 2025 12:55:58 +0600
Ата-аналарға арналған ақыл - кеңес. Тақырыбы: "Ойын арқылы баланың тілін дамыту" http://57.almatybala.kz/meroprijatija-prazdniki/pedagog-psihologty-zhmystary/945-ata-analara-arnalan-ayl-kees-tayryby-ojyn-aryly-balany-tln-damytu.html http://57.almatybala.kz/meroprijatija-prazdniki/pedagog-psihologty-zhmystary/945-ata-analara-arnalan-ayl-kees-tayryby-ojyn-aryly-balany-tln-damytu.html ]]> Ата-аналарға арналған ақыл - кеңес. Тақырыбы: "Ойын арқылы баланың тілін дамыту"
«Ойын баланыңалдынанөмір есігін ашып,оныңшығармашылыққабілетін дамытадыойынсыз ақыл- ойдыңқалыптасуы мүмкінемес». В.А. Сухомлинский І. Кіріспе бөлімі. Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларынмолайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекеткезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге,қасиеті мен сапасын, түр-түсін  және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың  сөздікқорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: 
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
 -жаңа сөздерді меңгерту;
 -үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным  белсенділігінің  дамуына жолашады.  Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.]]>
admin Mon, 03 Feb 2025 11:49:40 +0600
"Үй жағдайында ойналатын музыкалық ойындар* ойын жаттығуы туралы ата-аналарға кеңес http://57.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/929-j-zhadajynda-ojnalatyn-muzykaly-ojyndar-ojyn-zhattyuy-turaly-ata-analara-kees.html http://57.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/929-j-zhadajynda-ojnalatyn-muzykaly-ojyndar-ojyn-zhattyuy-turaly-ata-analara-kees.html ]]> Баланың музыкалық қабілеті генетикалық негізге ие және қолайлы жағдай жасалған кезде әр балада дамиды. Музыкалық ойындар музыкалық дыбыстың әр түрлі қасиеттерін игеруге көмектеседі: күш, тембр, дыбыстың ұзақтығы. Баланың ойыны кезінде ересек адамның онымен қарым- қатынас жасағанына оиза екенін, баланың не істеп жатқанын және қалай істейтінін ұнататынын сезіну.]]> admin Thu, 09 Jan 2025 09:30:16 +0600 Консультациялық пункт мамандар жұмысының қазан айының кестесі http://57.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/928-konsultacijaly-punkt-mamandar-zhmysyny-azan-ajyny-kestes.html http://57.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/928-konsultacijaly-punkt-mamandar-zhmysyny-azan-ajyny-kestes.html Консультациялық пункт мамандарының жұмыс кестесі
Апта күндері Жұмыс уақыты Жұмыс нысаны Жауапты маманның лауазымы
Дүйсенбі08.30-18.30Кеңес беруАлмабекова М.Б. – педагог-психолог
Сейсенбі07.30-18.00Балалардың әлеуметтік жағдайы, құжаттарын қабылдауӘдіскер –                    Молдабекова Г.М.
Сәрсенбі08.30-18.30«Ата-ана болудың қиыншылығы» тренингДене тәрбиесі нұсқаушысы                       Бексеитова А.Б.
Бейсенбі07.30-18.00«Үй жағдайында ойналатын музыкалық ойындар» ойын-жаттығуыМузыка жетекшісі Кыдырмуратова А.У.
Жұма08.30-18.30«Тілдік жаттығулар мен артикуляциялық жаттығулар»: ОНЛАЙН Алмабекова М.Б. – педагог-психолог

 
]]>
admin Mon, 21 Oct 2024 10:49:33 +0600