Біз туралы - КГКП "Ясли сад № 57" http://57.almatybala.kz/ ru Біз туралы - КГКП "Ясли сад № 57" DataLife Engine Абдикадырова Алия Слановна http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/administraciya/1011-abdikadyrova-alija-slanovna.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/administraciya/1011-abdikadyrova-alija-slanovna.html Мен Абдикадырова Алия Слановна 1968 жылы 10 қыркүйекте Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шәлкөде ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. 1975 жылы 1 сыныпқа барып 1985 жылы 11 сыныпты аяқтадым. Отбасымда жолдасым, екі ұлым бар. Екі ұлым үйленген. 5 немерем бар.

1986 жылы Ауылшаруашылығы институтына оқуға түсіп 1990 жылы «Инженер-энергетик» мамандығы бойынша  диплом алып аяқтадым. 

1986-1990  жылдары  қосымша  Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетіне физика-информатика пәні бойынша оқуға түсіп екінші мамандық иелендім. 

1991 жылдың тамыз айынан 1993 жылдың тамыз айына дейін Алматы облысы, Күрті ауданы, Ақши ауылында «Березка» балабақшасында.

01.09.1993-31.08.1998  жылдар аралығында Алматы облысы, Күрті ауданы, Ақши ауылында В.И.Ленин атындағы орта мектепте физика пәні мұғалімі.

01.09.1998-01.08.2014 жылдар аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Каменка  поселкасында  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

02.08.2014-01.09.2020 жылдар аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең  қаласында КМҚК «Ерке-Нұр» балабақшасында меңгеруші.

01.11.2021 жылдан осы уақыт аралығына дейін Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақжар шағынауданында  КМҚК«№194 бөбекжай балабақшасында» меңгеруші қызметін атқардым.

04.08.2025 жылдан Алматы қаласы, Әуезов ауданы КМҚК «№57 бөбекжай-балабақшасы» меңгерушінің міндетін уақытша атқарудамын.

]]>
Мен Абдикадырова Алия Слановна 1968 жылы 10 қыркүйекте Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шәлкөде ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. 1975 жылы 1 сыныпқа барып 1985 жылы 11 сыныпты аяқтадым. Отбасымда жолдасым, екі ұлым бар. Екі ұлым үйленген. 5 немерем бар.

1986 жылы Ауылшаруашылығы институтына оқуға түсіп 1990 жылы «Инженер-энергетик» мамандығы бойынша  диплом алып аяқтадым. 

1986-1990  жылдары  қосымша  Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетіне физика-информатика пәні бойынша оқуға түсіп екінші мамандық иелендім. 

1991 жылдың тамыз айынан 1993 жылдың тамыз айына дейін Алматы облысы, Күрті ауданы, Ақши ауылында «Березка» балабақшасында.

01.09.1993-31.08.1998  жылдар аралығында Алматы облысы, Күрті ауданы, Ақши ауылында В.И.Ленин атындағы орта мектепте физика пәні мұғалімі.

01.09.1998-01.08.2014 жылдар аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Каменка  поселкасында  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

02.08.2014-01.09.2020 жылдар аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең  қаласында КМҚК «Ерке-Нұр» балабақшасында меңгеруші.

01.11.2021 жылдан осы уақыт аралығына дейін Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақжар шағынауданында  КМҚК«№194 бөбекжай балабақшасында» меңгеруші қызметін атқардым.

04.08.2025 жылдан Алматы қаласы, Әуезов ауданы КМҚК «№57 бөбекжай-балабақшасы» меңгерушінің міндетін уақытша атқарудамын.

]]>
admin Tue, 30 Sep 2025 12:22:27 +0600
КҮН ТӘРТІБІ http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/rezhim-dnya/1012-kn-trtb.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/rezhim-dnya/1012-kn-trtb.html ]]> ]]> admin Tue, 02 Sep 2025 13:24:38 +0600 Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны «№57 бөбекжай-балабақшасы» http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/1003-almaty-alasy-blm-basarmasyny-memlekettk-kommunaldy-azynaly-ksporyny-57-bbekzhaj-balabashasy.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/1003-almaty-alasy-blm-basarmasyny-memlekettk-kommunaldy-azynaly-ksporyny-57-bbekzhaj-balabashasy.html ]]> Қазіргі уақытта балабақшада 14 топта, 340  бала тәрбиеленіп жүр. Оның ішінде: 3- ұйғыр, 2 - әзірбайжан ұлттары бар. Мүмкіндігі  шектеулі балалар жоқ. Жас ерекшеліктеріне сәйкес топтар: -Кіші топ (2 жастан бастап) - 2 топ -Ортаңғы топ (3жастан бастап)- 4 топ -Ересек топ (4 жастан бастап) - 3 топ -Мектепалды даярлық топ (5 жастан бастап) -5 топ  болып бөлінген
Жоба қуаттылығы: 340 
Тәрбиленушілер саны: 340
Жер учаскесінің аланы – 1,0740 га;
Жалпы  алаңы -  2726,6 шаршы м;
Пайдалы алаңы -  1765,9 шаршы м.
Индексі 050063.   Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ақсай – 4 ықшам ауданы, № 51-«А» үйі,  АО «Банк Центр Кредит» Телефон:  8(727) 238-35-61, 238-38-50, 390-61-86]]>
admin Tue, 02 Sep 2025 13:08:42 +0600
«Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас» "ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/dsteme-zhne-tzhribe/979-br-ken-trbiesn-zhz-mektepte-bere-almas-keler-mekteb.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/dsteme-zhne-tzhribe/979-br-ken-trbiesn-zhz-mektepte-bere-almas-keler-mekteb.html ]]> Қазіргі кезде балаларға қоғамның ықпалы барған сайын күшейе түсуде, олардың тәрбиесіне түрлі мекемелер мен ұйымдар қатысады. Ал, отбасы ше? Оның тәрбие берудегі рөлі қандай? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі.Қазіргі уақытта жұмыс басты аналар мен әкелердің барлығының бірдей балаларды тәрбиелеуге уақыттары бола бермей, соңында отбасындағы тәрбиеге жұмсалатын еңбек өте өнімсіз еңбекке айналуда. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды.
Біздің балабақша тәрбиеленушілерінің осындай әкелері үлгі болып, бала тәрбиесіне, балабақша өміріне белсене қатысқан: "Көгершін" тобынан Әкесі: Назарханов Нурсултан Махсетбайұлына және баласы: Назархан Айбарға, Әкесі: Нотай Ерболға және баласы: Ерболұлы Есенге, “Тулпар” тобынан Әкесі Мусаев Равильге және баласы Мусаев Райдке, "Гүлдер" тобынан белсенді әке Сабырханов Олжас Ағманұлына ерекше алғыс білдіреміз!


]]>
admin Mon, 02 Jun 2025 17:46:47 +0600
"Ұрпақтың бақыты – ананың мейірімінде" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/983-rpaty-bayty-anany-mejrmnde.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/983-rpaty-bayty-anany-mejrmnde.html ]]> "Ұрпақтың бақыты – ананың мейірімінде" -  «Гүлдер» тобының тәрбиешісі Каскаева С.Б. аналардың қатысуымен «Құс қанаты ою – өрнек әлемінде» тақырыбында қорытынды ҰІӘ үш ортаға яғни олар, шығармашылық ортада - Марбел тастарымен өрнекті әшекейлеу, коммуникативтік ортада – аналарымен ертегі айтуы, мнемокесте әдісін қолануымен, танымдық ортада кестелеу өткізеді.  Ұйымдастырылған іс әрекет   барысындағы сертіту  сәті   кезеңінде семинар қонақтары келеді.                                                                  
Нұсқаушы:
Сәлеметсіздерме қымбатты балалар, аналар!   
әр күнгі таңымыз,
Болсын әркез   сау деніміз
Болашақтың  ұлты нық
Бой сергітейік - бәрің шық!
Аналарға бала  денсаулығын нығайту, дене жаттығуларымен, ойындармен айналысудың пайдасы - тал бесіктен қалыптастыру қажет екенін айтады
Бала   денсаулығын нығайту, дене жаттығуларымен, ойындармен айналысудың пайдасын түсіндіру, қимыл-қозғалыстың өмірлік қажетті түрлерін қалыптастыру, бала ертегі терапиясяның  шынайылығын сезіне білуі. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы құндылыққа негізделген білім мен тәрбие беруді жоспарлаудың біртұтас тәсілін енгізу.
Тәжірибе алаңы:  Ертегі терапиясын қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту кіріктірілген ұйымдастырылған іс – әрекет;]]>
admin Fri, 30 May 2025 13:19:40 +0600
«Балабақшада «Step by Step» технологиясын қолдану ерекшеліктері» шебер сынып http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/dsteme-zhne-tzhribe/982-balabashada-step-by-step-tehnologijasyn-oldanu-erekshelkter-sheber-synyp.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/dsteme-zhne-tzhribe/982-balabashada-step-by-step-tehnologijasyn-oldanu-erekshelkter-sheber-synyp.html ]]> ене тәрбиесі нұсқаушысы  Бексеитова А.Б. қасиеттерді дамыту барысында, балалардың жас ерекшеліктерін ескере, денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың физикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және негізгі қимыл түрлерін жетілдіру мақсатында ортаңғы, ересек және мектепалды топтарының «Step by Step» әдісімен негізгі қимыл түрлерін: жүру, тепе-теңдік сақтау,  еңбектеу, секіру және лақтыру жаттығуларын шағын қадамдар арқылы  нәтижеге жеткендерін ұсынамыз.
Негізгі қимыл түрлеріОртаңғы топЕресек топМектепалды тобы
1Жүру шағын топпеншағын топпеншағын топпен
2Тепе-теңдік сақтау Кедір-бұдыр тақтай бойымен қолдарын белге қойып жүруКедір-бұдыр тақтай бойымен қолды екі жаққа созып жүру  Кедір-бұдыр тақтай бойымен әр қадам сайын, допты алдынан және артына қолдан - қолға ауыстыра отырып жүру
3Еңбектеу 50 см доға астымен40 см доға астымен30 см доға астымен
4Секіру 15 см биіктік20 см биіктік25 см биіктік
5Лақтыру 
Заттарды қашықтықтан лақтыру 
1,5 м қашықтықтан, қапшықты екі қолмен лақтыру 2 м қашықтықтан, қапшықты оң және сол  қолмен лақтыру2,5 м қашықтықтан, допты оң және сол  қолмен лақтыру
Пайдаланатын спорттық құрал-жабдықтар:
  1.  Кедір-бұдыр тақтай – 3 дана, доп– 3 дана; 
  2. Доға 50, 40, 30 см биіктіктегі -– 3 дана;
  3.  15, 20, 25 см биіктітегі модульдер – 3 дана;
  4. Құм толтырылған қапшық - 9 дана, 6 дана теннис доптары, 3 себет; 
]]>
admin Fri, 30 May 2025 13:13:41 +0600
«Балабақшада «Step by Step» технологиясын қолдану ерекшеліктері» іскерлік ойыны өтті http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/administraciya/981-balabashada-step-by-step-tehnologijasyn-oldanu-erekshelkter-skerlk-ojyny-tt.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/administraciya/981-balabashada-step-by-step-tehnologijasyn-oldanu-erekshelkter-skerlk-ojyny-tt.html ]]> «Дене тәрбиесі – тұтас бір әлем»
            «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене тәрбие театры» - бұл балалардың дене дамуының жаңа әдісін қолдануды көздейтін дене тәрбиесіне жаңа көзқарас».
            Мектепке дейінгі кезеңде баланың дене мүшелерінің  қарқынды дамуы және дененің функционалдық жүйелерінің қалыптасуы жүреді. Қазіргі уақытта балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін білім мен практикалық дағдылардың белгілі бір негізін қалау, дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде айналысу қажеттілігін қалыптастыру өте маңызды. Тек классикалық дене тәрбиесін үнемі қолдану «балалардың сабаққа деген қызығушылығының төмендеуіне», соның салдарынан олардың тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Бүгінгі таңда балалардың мінез-құлығын қалыптастыру үшін «ертегі терапиясы» деген ұғым кеңінен қолданылып жүр.
            Балаларды дені сау, епті және жан жақты тәрбиелеу – тек мектепке дейінгі мекеменің ғана міндеті  емес, ең алдымен ата-ананың міндеті болып табылады.  Қозғалыста болу денсаулықты жақсарту мен нығайту дегенді білдіреді. Балалық шақта мақсатты педагогикалық ықпалдың нәтижесінде жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына қажетті денсаулық, дененің жалпы төзімділігі мен өнімділігі, басқа да қасиеттер қалыптасады. Оның жақсы әсері соншалық, ем ретінде арт-терапия, танато-терапия, дене-қимыл терапиясымен тең дәрежеде тиімді саналады. Яғни, ертегінің баланы емдеу-сауықтыру шарасына ықпалы өте күшті.
       Ертегі тыңдап өскен бала өзінің алдағы өміріне дұрыс бағдарлама қалыптастырып үйренеді.  Сол себепті ата-әжелер және ата-аналар институтының де атқарар рөлі көбірек болса. 
            Ертегілер құдіретті нәрсе: ұйқыға  батқызады, қызықтырады, тыныштандырады, көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді. 
      Ертегі терапиясы баланың ағзасын шынықтыруда, толыққанды дене дамуына, физикалық қасиеттерін дамытуға, балалардың шығармашылық белсенділіктеріне мүмкіндік бере отырып, адамгершілік құндылықтары арқылы бала тұлғасын қалыптастырады.
Баланың  денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, оған салауатты өмір-салты туралы қажетті білім, қабілет пен дағдыларын қалыптастыру ертегі терапиясының мақсаты болып табылады. Ертегі терапиясы арқылы балаларды қимылдың барлық түріне саналы, белсенді түрде бұлшық еттерін дамыту арқылы қол жеткізуіне ықпал жасай отырып, достарымен - өздерінің қимылдарын бағалауға және бақылауға дағдыландырып, қимыл қызметінде шығармашылығын оятамыз. 
  Ертегінің мәтінін түсіне отырып;
  • Ертегідегі кейіпкердің кейіпіне еніп, жас ерекшелігіне байланысты іс-қимылын жасай отырып, мінез-құлқын тани білуі;
  • Ептілік, жалпы төзімділік, жылдамдық қасиеттерін бойына дарыту;
  • Белсенді қимыл қызметіне қызығушылыққа және дербестікке тәрбиелеу.
        Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру әрбір баланың интеллектуалдық сұраныстарын барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.]]>
admin Fri, 30 May 2025 13:06:20 +0600
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/zhattar/999-azastan-respublikasy-ou-aartu-ministrn-2024-zhyly-30-zheltosanday-372-bjryyna-zgerster-engzu-turaly.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/zhattar/999-azastan-respublikasy-ou-aartu-ministrn-2024-zhyly-30-zheltosanday-372-bjryyna-zgerster-engzu-turaly.html Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 105 бұйрығы
           Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) енгізілсін.";
      2-тармақтың 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;";
      2-тармақтың 3-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) Көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Өңірлерді мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасына көшу кестесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.".
      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (М.Е. Адамова) Пилоттық жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті (Н. Нұрлан) Пилоттық жобаны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
      4. "Қаржы орталығы" Акционерлік қоғамы (А.И. Ибраимов) Пилоттық жобаның операторы болып белгіленсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне (Е.С. Оспан) жүктелсін.
      6. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 3 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Қазақстан Республикасының
 Оқу-ағарту министрі
Ғ. Бейсембаев
]]>
Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 105 бұйрығы
           Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) енгізілсін.";
      2-тармақтың 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;";
      2-тармақтың 3-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) Көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Өңірлерді мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасына көшу кестесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.".
      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (М.Е. Адамова) Пилоттық жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті (Н. Нұрлан) Пилоттық жобаны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
      4. "Қаржы орталығы" Акционерлік қоғамы (А.И. Ибраимов) Пилоттық жобаның операторы болып белгіленсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне (Е.С. Оспан) жүктелсін.
      6. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 3 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Қазақстан Республикасының
 Оқу-ағарту министрі
Ғ. Бейсембаев
]]>
admin Tue, 06 May 2025 16:24:18 +0600
"Ардагер ұстаздарды құрметтеу" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/969-ardager-stazdardy-rmetteu.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/969-ardager-stazdardy-rmetteu.html ]]>       Бұл кешке Әуезов ауданында қызмет еткен  ардагер басшыларымыз Бузаубеков Мекебай Қуанышбайұлы, Сейлова Людмила Турешқызы, Тажинова Бақыт Социалқызы арнайы шақырылды. Сонымен қатар, құрметті меймандар қатарында өз заманында білім мен тәрбие саласына өлшеусіз үлес қосқан, бүгінде абыройлы демалыста жүрген осы ауданның ардагер ұстаздары  болды. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей  ардагарлердің жылдар бойы жемісті еңбек еткен өнегелі өмір жолы – кейінгі буынға сарқылмас қазына.
      Кеш барысында жоғарыда  аталған   бөбекжай-балабақшаның  тәрбиеленушілері ардагерлерге деген алғыс пен ілтипатты ән салып, өлең оқып білдіртіп, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. 
      Ерекше атап өтерлік бөлім – «Бір сұрақ – бір естелік» айдары болды. Бұл сәтте ардагер ұстаздар естеліктерімен бөлісіп, өткен күндердің жаңғырығын қайта оралтты. «Өткенді еске алу – өскендіктің белгісі» дегендей, жиналғандарға ой салып, ұрпақтар сабақтастығын терең сезіндірді.
     Кеш соңында аудандық “Шексіз талант” фестивалінің жүлдегерлері мен жеңімпаздары өнер көрсетіп, мерекенің көркін қыздыра түсті. Ардагер ұстаздардың құрметіне гүл шоқтары табысталып, алғыс білдірілді. Жүректері толқыған, жанарларына жас үйірілген ардагерлер алғыстарын айтып, шынайы риясыз тілектерін білдірді.
      Мұндай өнегелі шараның ұйытқысы болған – Әуезов ауданы Білім бөлімінің басшысы Гүлнар Рахимқызы мен мектепке дейінгі ұйымның басшылары. Олардың бала тәрбиесіне, ұстаз қадіріне деген шынайы құрметі – осы бір әсерлі кештің басты мазмұнына айналды.]]>
admin Wed, 16 Apr 2025 15:48:00 +0600
«Аналар мектебі» тақырыбы «Қыз бала тәрбиесі» http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/dsteme-zhne-tzhribe/967-analar-mekteb-tayryby-yz-bala-trbies.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/dsteme-zhne-tzhribe/967-analar-mekteb-tayryby-yz-bala-trbies.html ]]> Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейлділік т. б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қыз тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін айқындау.
Балабақшамыздың тәрбиеленуішісі Қызымыз Әлібек Айсана анасы Алимбаева Әзиза отбасындағы бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіруде ананың ықыласын анықтау. Отбасындағы ұлттық тәрбие арқылы өз ұлттының дәстүрін бала бойына қалыптастырудағы тәжірибемен пікір алмасу.]]>
admin Tue, 18 Mar 2025 16:13:06 +0600