Конкурс-байқаулар, шебер сыныптар - КГКП "Ясли сад № 57" http://57.almatybala.kz/ ru Конкурс-байқаулар, шебер сыныптар - КГКП "Ясли сад № 57" DataLife Engine «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас» "ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/979-br-ken-trbiesn-zhz-mektepte-bere-almas-keler-mekteb.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/979-br-ken-trbiesn-zhz-mektepte-bere-almas-keler-mekteb.html ]]> Қазіргі кезде балаларға қоғамның ықпалы барған сайын күшейе түсуде, олардың тәрбиесіне түрлі мекемелер мен ұйымдар қатысады. Ал, отбасы ше? Оның тәрбие берудегі рөлі қандай? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі.Қазіргі уақытта жұмыс басты аналар мен әкелердің барлығының бірдей балаларды тәрбиелеуге уақыттары бола бермей, соңында отбасындағы тәрбиеге жұмсалатын еңбек өте өнімсіз еңбекке айналуда. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды.
Біздің балабақша тәрбиеленушілерінің осындай әкелері үлгі болып, бала тәрбиесіне, балабақша өміріне белсене қатысқан: "Көгершін" тобынан Әкесі: Назарханов Нурсултан Махсетбайұлына және баласы: Назархан Айбарға, Әкесі: Нотай Ерболға және баласы: Ерболұлы Есенге, “Тулпар” тобынан Әкесі Мусаев Равильге және баласы Мусаев Райдке, "Гүлдер" тобынан белсенді әке Сабырханов Олжас Ағманұлына ерекше алғыс білдіреміз!


]]>
admin Mon, 02 Jun 2025 17:46:47 +0600
«Әжелер – шаңырақтың алтын қазығы» http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/980-zheler-shayraty-altyn-azyy.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/980-zheler-shayraty-altyn-azyy.html ]]> «Әжелер – шаңырақтың алтын қазығы» 
Даналарым армысың, балаларым бармысың!
Ұмытылмай сақталсын асыл мұра дәстүрің,
Ерте тұрып езілмей, жасыңнан үйрен тежілмей
Бой қыздырып, ой жүргізіп, шапшаң баста күніңді!

Отбасы – тәрбиенің қайнар көзі. Бала тәрбиенің алғашқы бастамасын отбасында алады, онда адамгершілік тәрбиесінің негізі қалыптасады. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлер мен асыл мұратқа баулу отбасында іске асырылады. Адамдар арасындағы өзара түсіністікке әкелетін айналасындағыларды жақсы көру және оларға құрмет көрсету дәстүрлері отбасында қалыптасады. Отбасында балаларды тәрбиелеумен көбінесе аға буын – аталар мен әжелер айналысты. Дана қарттар отбасындағы дәстүрлерді сақтап, оларды өскелең ұрпаққа жеткізеді. Жаңа нормативтік-мазмұндық тәсілдерді іске асыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алдына ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар қойылады. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер оқутәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен тығыз байланыс орната отырып, тәрбиелеу мен оқытуды ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарға негіздеп, балаға жайлы жағдайлар жасауы қажет. Бұл баланың бойында қажетті дағдылардың қалыптасуына, олардың дербес әрекет етуіне, еркіндікті сезінуіне ықпал етеді. ]]>
admin Fri, 30 May 2025 12:57:05 +0600
ОТБАСЫ КҮНІ - БАЛАБАҚШАДА “15 мамыр Халықаралық отбасы күні” мерекесіне орай ұйымдастырылған “Әкем, анам және мен” атты спорттық жарыс. http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/978-otbasy-kn-balabashada-15-mamyr-halyaraly-otbasy-kn-merekesne-oraj-jymdastyrylan-kem-anam-zhne-men-atty-sportty-zharys.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/978-otbasy-kn-balabashada-15-mamyr-halyaraly-otbasy-kn-merekesne-oraj-jymdastyrylan-kem-anam-zhne-men-atty-sportty-zharys.html ]]> Спорттық шараның атауы: «Әкем, анам және мен» отбасылық эстафеталық сайыс.
Мақсаты: Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата - аналарды балабақша өміріне араластыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата - аналарға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру, отбасының үндестікті және балалардың икемділігін, шапшаңдылығын, достыққа тәрбиелеу.
Жарысқа: 
“Бозжорға” тобынан - Кеңес отбасы
“Жұлдыз” тобынан - Шаймерден отбасы
“Шағала” тобынан - Абдикалыковтар отбасы
“Қошақан” тобынан - Есмагамбетовтер отбасы
“Тұлпар” тобынан - Жанділда отбасы
“Жұлдыз” тобынан - Абильжановтар отбасы қатынасып белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!




]]>
admin Thu, 15 May 2025 16:10:02 +0600
«Аналар мектебі» тақырыбы «Қыз бала тәрбиесі» http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/967-analar-mekteb-tayryby-yz-bala-trbies.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/967-analar-mekteb-tayryby-yz-bala-trbies.html ]]> Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейлділік т. б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қыз тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін айқындау.
Балабақшамыздың тәрбиеленуішісі Қызымыз Әлібек Айсана анасы Алимбаева Әзиза отбасындағы бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіруде ананың ықыласын анықтау. Отбасындағы ұлттық тәрбие арқылы өз ұлттының дәстүрін бала бойына қалыптастырудағы тәжірибемен пікір алмасу.]]>
admin Tue, 18 Mar 2025 16:13:06 +0600
"Ана мен қыз - Ай мен жұлдыз" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/964-ana-men-yz-aj-men-zhldyz.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/964-ana-men-yz-aj-men-zhldyz.html ]]>  Бүгінгі шуақты көктемнің тағы да бір мерекесі Көрісу күні, Әлемнің әдемілігін бойына жиып, бар мейірім, жылуын таратып жүрген жандарға алғыс білдіреміз. Осы мерекеге орай және«Аналар мектебі» жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында өткізілген «Ана мен қыз – ай мен жұлдыз» атты байқауымызөте қызықты өтті.
        Ең алдымен қатысушыларымыз керемет көңіл-күй сыйлап, қазақ әйелінің бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білді. Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіруіне үлкен еңбек пен дайындықтарын көрсете білді. 

Мың алғыс сіздерге!]]>
admin Fri, 14 Mar 2025 18:27:23 +0600
"ҒАЖАЙЫП ТЕАТР ӘЛЕМІ" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/965-azhajyp-teatr-lem.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/965-azhajyp-teatr-lem.html ]]> «….. театр — адамгершіліктің, тәртіптің, сәулетті арманның жалғыз ұстазы, баланы ешқашан зеріктірмейді.
… театр — балаларды тәрбиелейтін әр мекемеге құндылықты толықтауыш және олсіз ең жақсы мектеп мүлдем толық болмайды». М. Твен


     Кәзіргі педагогика дидактикалықтан ақырын дамытушы болып келеді. Оңы қалай түсінуге болады? Ең алдымен, тек психологтар ғана емес педагог-практиктер әр баланың даму тұлғасында, оның шағырмашылық әлуеті, қабілеті, қызығушылығында өздерінің оқыту және тәрбиелеу әрекетінің нәтижесін көріп және сезіне бастайды.
Балабақшадағы театр әрекеті – бұл баланың шығармашылық әлуетін ашуына, тұлғаның шығармашылық бағытын тәрбиелеуге жақсы мүмкіндік.
Балалар айналадағы әлемде қызықты идеяларын байқап, олады іске асырып, өзіндік кейіпкердің көркем бейнесін жасауға үйренеді, оларда шығармашылық қиял, ассоциативтік ой, күнделікте ерекше сәттерді көруге білуі дамиды.
Театрлық әрекеттің тәрбиелеу мүмкіндіктері кең. Онда қатыса, балалар айнала әлеммен барлық алуан бейне, бояу, дыбыс арқылы танысады, дұрыс білікті қойылған сұрақтар оларды ойлауға, талдауға, қорытынды жасауға мәжбүрлейді. Өзіндік айтулары, реплика, кейіпкерлердің бейнелілігінің жұмыс үрдісінде балалардың сөздік қоры білдірмей артырыдады, тілдің дыбыстық мәдениеті, оның интонациялық құрылымы жетілдіреді.
Онымен қатар, ұжымдық театрлық әрекеті баланың тұлғасына біртұтас әсеріне, әрекет жасауға бағытталған, оның барлық мүмкіндіктерін белсендіре отырып; барлық жүргізуші психикалық үрдісінің дербестік шығармашылық дамуына; тұлғаның өзін-өзі тану, өз ойын білдіруіне себеп болады; баланың әлеуметіне жағдай жасайды, онымен қатар оның бейімделу қабілетін күшейтеді, коммуникативтік ауып кетуін түзетеді; қанағатандыру, қуаныш, елеулілік сезімдерін сезінуге көмектеседі.
Театр – балаларға арналған демократиялық және қолжетімді өнер түрінің бірі, ол замануи педагогика мен психологияның актуалды проблемаларын шешуге көмектеседі:
• балалардың көркемдік білім және тәрбиелеу;
• эстетикалыө сезімді қалыптастыру;
• адамгершілік тәрбиесі;
• тұлғаның коммуникативтік сапасының дамуы (вербалды және вербалды емес қатынас түріне үйрету);
• еркіндікті тәрбиелеу, ес, қиял, инициативтік, қиялдау, сөйлеу (монолог және диалог) дамыту;
• жағымды эмоционалды көніл күй жасау, кернеулікті түсіру, ойын арқылы келіспеушілікті жағдайларды шешу.
Театрлық әрекет тәртіптің әлеуметтік дағдының тәжірибесін қалыптастыруға көмектеседі, өйткені әр шығармашылық әдебиет немесе ертегіде балаларға арналған адамгершілік бағыты бар (достық, жақсылық, адалдық, өткірлік және т.б.). Ертегі арқылы бала әлемді ой мен ғана емес, жүрекпен сезеді. Сезіне ғана қоймай, адалдық пен зұлымға өз көзқарасын көрсете біледі.
Театрлық әрекет балаға әр-түрлі кейіпкерлердің атынан көптеген проблемалық жағдайларды шешуге көмектеседі. Бұл жасқаншақты, өзін-өзіне қорғаншақтықты, ұялшақты жеңуге көмектеседі.
Театрлық әрекет – балаға әсер ететін тиімді әдістерінің бірі, онда оқыту ұстанымы – ойнап оқыту – өте жарқын көрсетіледі.  ]]>
admin Tue, 11 Mar 2025 14:53:53 +0600
"Үздік педагог-2025" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/959-zdk-pedagog-2025.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/959-zdk-pedagog-2025.html ]]> КМҚК «№57 бөбекжай-балабақшасы» жұмыс жоспары бойынша ақпан айында жас мамандардың біліктілігін көтеру, олардың өз бетінше білімін жетілдіру мақсатында «Үздік педагог - 2025» байқауы өткізілді. Байқауға тәрбиеші мамандар Қожанова Гүлжамал, Кубенова Бахыт, Құлыбекова Құралай, Темірәлиева Мәдина, Беккулова Салтанат, Тунгатарова Карлыгаш, Сенгирбаева Жазира қатысты, олар Ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педагогтарды қолдау және кәсіби педагогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында өткізілген сайысқа қатысуға ниет білдіріп, 5 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты.

«Үздік педагог - 2025» байқауы   5 кезең бойынша өткізілді.

1. Таныстыру кезеңі: «Мен таңдаған мамандық» (сұхбат, бейнеролик);

2. «Педагогтің білімін бағалау» ПББ сұрақтары;  

3. «Менің іс-тәжірибем» кезеңі. Ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған ойындар, материалдар ұсыну;

4. Озық педагогикалық тәжірибенмен бөлісу, шебер сынып көрсету.   

5. «Өнерлі педагог» кезеңі. (Би, ән, көркем сөз, пародия, т.б.) 

Бағалау өлшемдері: 

1. Педагогтің күрделі педагогикалық жағдайды шешуде оңтайлы жол таба білуі;

2. Педагогикалық мәселелерді шешуде кәсіби дағдысының қалыптасу дәрежесі;

3. Жалпы және кәсіби эрудициясы;

4. Сөйлеу мәдениетінің айқындылығы, дәлдігі;

Бағалау критерийлері:

Ойын нақты және түсінікі жеткізуі;

Ой өрісінің кеңдігі;

Жаңашылдығы.

Сауаттылығы.

Дәлелділігі.

Ерекшелігі.

Байқау қызықты да танымды өтті. Қатысушылар тапсырмалардың бәріне де шығармашылықпен қараған. Жоғары ақпараттық мәдениеттілікті, білім мен білікті, дарындылықты, көтеріңкі көңіл сезімін көрсете білді.

]]>
admin Wed, 26 Feb 2025 17:57:53 +0600
№57 бөбекжай-балабақшасында біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты іс-шара өткізілді http://57.almatybala.kz/main/944-57-bbekzhaj-balabashasynda-brttas-tlasyn-alyptastyrua-bayttalan-maal-szd-azyy-zhmba-ojdy-azyy-atty-s-shara-tkzld.html http://57.almatybala.kz/main/944-57-bbekzhaj-balabashasynda-brttas-tlasyn-alyptastyrua-bayttalan-maal-szd-azyy-zhmba-ojdy-azyy-atty-s-shara-tkzld.html ]]> ]]> admin Fri, 24 Jan 2025 13:26:13 +0600 "Сәбилерді сөйлетейік" байқауында "Аң мен құстың білгірі" номинациясының жеңімпазы балабақша тәрбиеленушісі Қажыкен Зейін http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/930-sbilerd-sjletejk-bajauynda-a-men-sty-blgr-nominacijasyny-zhempazy-balabasha-trbielenushs-azhyken-zejn.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/930-sbilerd-sjletejk-bajauynda-a-men-sty-blgr-nominacijasyny-zhempazy-balabasha-trbielenushs-azhyken-zejn.html ]]> ]]> admin Mon, 04 Nov 2024 13:00:06 +0600 Ғарышкерлер күні http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/887-aryshkerler-kn.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/887-aryshkerler-kn.html


]]>



]]>
admin Mon, 01 Apr 2024 19:23:02 +0600