Топтар - КГКП "Ясли сад № 57" http://57.almatybala.kz/ ru Топтар - КГКП "Ясли сад № 57" DataLife Engine «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас» "ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/979-br-ken-trbiesn-zhz-mektepte-bere-almas-keler-mekteb.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/979-br-ken-trbiesn-zhz-mektepte-bere-almas-keler-mekteb.html ]]> Қазіргі кезде балаларға қоғамның ықпалы барған сайын күшейе түсуде, олардың тәрбиесіне түрлі мекемелер мен ұйымдар қатысады. Ал, отбасы ше? Оның тәрбие берудегі рөлі қандай? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі.Қазіргі уақытта жұмыс басты аналар мен әкелердің барлығының бірдей балаларды тәрбиелеуге уақыттары бола бермей, соңында отбасындағы тәрбиеге жұмсалатын еңбек өте өнімсіз еңбекке айналуда. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды.
Біздің балабақша тәрбиеленушілерінің осындай әкелері үлгі болып, бала тәрбиесіне, балабақша өміріне белсене қатысқан: "Көгершін" тобынан Әкесі: Назарханов Нурсултан Махсетбайұлына және баласы: Назархан Айбарға, Әкесі: Нотай Ерболға және баласы: Ерболұлы Есенге, “Тулпар” тобынан Әкесі Мусаев Равильге және баласы Мусаев Райдке, "Гүлдер" тобынан белсенді әке Сабырханов Олжас Ағманұлына ерекше алғыс білдіреміз!


]]>
admin Mon, 02 Jun 2025 17:46:47 +0600
«Әжелер – шаңырақтың алтын қазығы» http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/980-zheler-shayraty-altyn-azyy.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/980-zheler-shayraty-altyn-azyy.html ]]> «Әжелер – шаңырақтың алтын қазығы» 
Даналарым армысың, балаларым бармысың!
Ұмытылмай сақталсын асыл мұра дәстүрің,
Ерте тұрып езілмей, жасыңнан үйрен тежілмей
Бой қыздырып, ой жүргізіп, шапшаң баста күніңді!

Отбасы – тәрбиенің қайнар көзі. Бала тәрбиенің алғашқы бастамасын отбасында алады, онда адамгершілік тәрбиесінің негізі қалыптасады. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлер мен асыл мұратқа баулу отбасында іске асырылады. Адамдар арасындағы өзара түсіністікке әкелетін айналасындағыларды жақсы көру және оларға құрмет көрсету дәстүрлері отбасында қалыптасады. Отбасында балаларды тәрбиелеумен көбінесе аға буын – аталар мен әжелер айналысты. Дана қарттар отбасындағы дәстүрлерді сақтап, оларды өскелең ұрпаққа жеткізеді. Жаңа нормативтік-мазмұндық тәсілдерді іске асыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алдына ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар қойылады. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер оқутәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен тығыз байланыс орната отырып, тәрбиелеу мен оқытуды ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарға негіздеп, балаға жайлы жағдайлар жасауы қажет. Бұл баланың бойында қажетті дағдылардың қалыптасуына, олардың дербес әрекет етуіне, еркіндікті сезінуіне ықпал етеді. ]]>
admin Fri, 30 May 2025 12:57:05 +0600
"Жас түлек - 2025" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/984-zhas-tlek-2025.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/984-zhas-tlek-2025.html ]]> Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін]]>
admin Tue, 27 May 2025 13:52:31 +0600
"Достығы жарасқан елміз!" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/985-dostyy-zharasan-elmz.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/985-dostyy-zharasan-elmz.html ]]> Достығымыз жарасқан!
1 - мамыр достық күніне арналған ертеңгілікМақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше маңызы зор құрылым. 1 мамыр бұл – Ынтымақтастық күні. 
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі]]>
admin Wed, 30 Apr 2025 15:45:02 +0600
Алматы қаласында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай "Азаматтық қорғаныс - қоғам қауіпсіздігінің кепілі" ұранымен іс-шаралар өтті http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/966-almaty-alasynda-dniezhzlk-azamatty-oranys-knne-oraj-azamatty-oranys-oam-aupszdgn-kepl-ranymen-s-sharalar-tt.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/966-almaty-alasynda-dniezhzlk-azamatty-oranys-knne-oraj-azamatty-oranys-oam-aupszdgn-kepl-ranymen-s-sharalar-tt.html ]]> ]]> admin Mon, 24 Mar 2025 16:07:51 +0600 "ҒАЖАЙЫП ТЕАТР ӘЛЕМІ" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/965-azhajyp-teatr-lem.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/965-azhajyp-teatr-lem.html ]]> «….. театр — адамгершіліктің, тәртіптің, сәулетті арманның жалғыз ұстазы, баланы ешқашан зеріктірмейді.
… театр — балаларды тәрбиелейтін әр мекемеге құндылықты толықтауыш және олсіз ең жақсы мектеп мүлдем толық болмайды». М. Твен


     Кәзіргі педагогика дидактикалықтан ақырын дамытушы болып келеді. Оңы қалай түсінуге болады? Ең алдымен, тек психологтар ғана емес педагог-практиктер әр баланың даму тұлғасында, оның шағырмашылық әлуеті, қабілеті, қызығушылығында өздерінің оқыту және тәрбиелеу әрекетінің нәтижесін көріп және сезіне бастайды.
Балабақшадағы театр әрекеті – бұл баланың шығармашылық әлуетін ашуына, тұлғаның шығармашылық бағытын тәрбиелеуге жақсы мүмкіндік.
Балалар айналадағы әлемде қызықты идеяларын байқап, олады іске асырып, өзіндік кейіпкердің көркем бейнесін жасауға үйренеді, оларда шығармашылық қиял, ассоциативтік ой, күнделікте ерекше сәттерді көруге білуі дамиды.
Театрлық әрекеттің тәрбиелеу мүмкіндіктері кең. Онда қатыса, балалар айнала әлеммен барлық алуан бейне, бояу, дыбыс арқылы танысады, дұрыс білікті қойылған сұрақтар оларды ойлауға, талдауға, қорытынды жасауға мәжбүрлейді. Өзіндік айтулары, реплика, кейіпкерлердің бейнелілігінің жұмыс үрдісінде балалардың сөздік қоры білдірмей артырыдады, тілдің дыбыстық мәдениеті, оның интонациялық құрылымы жетілдіреді.
Онымен қатар, ұжымдық театрлық әрекеті баланың тұлғасына біртұтас әсеріне, әрекет жасауға бағытталған, оның барлық мүмкіндіктерін белсендіре отырып; барлық жүргізуші психикалық үрдісінің дербестік шығармашылық дамуына; тұлғаның өзін-өзі тану, өз ойын білдіруіне себеп болады; баланың әлеуметіне жағдай жасайды, онымен қатар оның бейімделу қабілетін күшейтеді, коммуникативтік ауып кетуін түзетеді; қанағатандыру, қуаныш, елеулілік сезімдерін сезінуге көмектеседі.
Театр – балаларға арналған демократиялық және қолжетімді өнер түрінің бірі, ол замануи педагогика мен психологияның актуалды проблемаларын шешуге көмектеседі:
• балалардың көркемдік білім және тәрбиелеу;
• эстетикалыө сезімді қалыптастыру;
• адамгершілік тәрбиесі;
• тұлғаның коммуникативтік сапасының дамуы (вербалды және вербалды емес қатынас түріне үйрету);
• еркіндікті тәрбиелеу, ес, қиял, инициативтік, қиялдау, сөйлеу (монолог және диалог) дамыту;
• жағымды эмоционалды көніл күй жасау, кернеулікті түсіру, ойын арқылы келіспеушілікті жағдайларды шешу.
Театрлық әрекет тәртіптің әлеуметтік дағдының тәжірибесін қалыптастыруға көмектеседі, өйткені әр шығармашылық әдебиет немесе ертегіде балаларға арналған адамгершілік бағыты бар (достық, жақсылық, адалдық, өткірлік және т.б.). Ертегі арқылы бала әлемді ой мен ғана емес, жүрекпен сезеді. Сезіне ғана қоймай, адалдық пен зұлымға өз көзқарасын көрсете біледі.
Театрлық әрекет балаға әр-түрлі кейіпкерлердің атынан көптеген проблемалық жағдайларды шешуге көмектеседі. Бұл жасқаншақты, өзін-өзіне қорғаншақтықты, ұялшақты жеңуге көмектеседі.
Театрлық әрекет – балаға әсер ететін тиімді әдістерінің бірі, онда оқыту ұстанымы – ойнап оқыту – өте жарқын көрсетіледі.  ]]>
admin Tue, 11 Mar 2025 14:53:53 +0600
Жаңа Ас мәзірі бекітілді http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/administraciya/955-zhaa-as-mzr-bektld.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/administraciya/955-zhaa-as-mzr-bektld.html ]]> ]]> admin Mon, 10 Feb 2025 16:16:14 +0600 "Жұлдыз" тобының тәрбиеленушілері және ата-аналарының қатысуымен "Біз ептіміз!" атты қысқы ойыны http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/rezhim-dnya/953-zhldyz-tobyny-trbielenushler-zhne-ata-analaryny-atysuymen-bz-eptmz-atty-ysy-ojyny.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/rezhim-dnya/953-zhldyz-tobyny-trbielenushler-zhne-ata-analaryny-atysuymen-bz-eptmz-atty-ysy-ojyny.html
]]>
admin Wed, 05 Feb 2025 17:51:58 +0600
«КӨҢІЛДІ СТАРТ» эстафеталық ойыны http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/952-kld-start-jestafetaly-ojyny.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/952-kld-start-jestafetaly-ojyny.html ]]> ]]> admin Wed, 05 Feb 2025 13:32:04 +0600 Мектепалды "Гүлдер" тобында "Көңілді спорттық старт" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/rezhim-dnya/947-mektepaldy-glder-tobynda-kld-sportty-start.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/rezhim-dnya/947-mektepaldy-glder-tobynda-kld-sportty-start.html ]]> ]]> admin Wed, 29 Jan 2025 17:30:41 +0600