Әкімшілік - КГКП "Ясли сад № 57" http://57.almatybala.kz/ ru Әкімшілік - КГКП "Ясли сад № 57" DataLife Engine «Балабақшада «Step by Step» технологиясын қолдану ерекшеліктері» іскерлік ойыны өтті http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/981-balabashada-step-by-step-tehnologijasyn-oldanu-erekshelkter-skerlk-ojyny-tt.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/981-balabashada-step-by-step-tehnologijasyn-oldanu-erekshelkter-skerlk-ojyny-tt.html ]]> «Дене тәрбиесі – тұтас бір әлем»
            «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене тәрбие театры» - бұл балалардың дене дамуының жаңа әдісін қолдануды көздейтін дене тәрбиесіне жаңа көзқарас».
            Мектепке дейінгі кезеңде баланың дене мүшелерінің  қарқынды дамуы және дененің функционалдық жүйелерінің қалыптасуы жүреді. Қазіргі уақытта балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін білім мен практикалық дағдылардың белгілі бір негізін қалау, дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде айналысу қажеттілігін қалыптастыру өте маңызды. Тек классикалық дене тәрбиесін үнемі қолдану «балалардың сабаққа деген қызығушылығының төмендеуіне», соның салдарынан олардың тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Бүгінгі таңда балалардың мінез-құлығын қалыптастыру үшін «ертегі терапиясы» деген ұғым кеңінен қолданылып жүр.
            Балаларды дені сау, епті және жан жақты тәрбиелеу – тек мектепке дейінгі мекеменің ғана міндеті  емес, ең алдымен ата-ананың міндеті болып табылады.  Қозғалыста болу денсаулықты жақсарту мен нығайту дегенді білдіреді. Балалық шақта мақсатты педагогикалық ықпалдың нәтижесінде жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына қажетті денсаулық, дененің жалпы төзімділігі мен өнімділігі, басқа да қасиеттер қалыптасады. Оның жақсы әсері соншалық, ем ретінде арт-терапия, танато-терапия, дене-қимыл терапиясымен тең дәрежеде тиімді саналады. Яғни, ертегінің баланы емдеу-сауықтыру шарасына ықпалы өте күшті.
       Ертегі тыңдап өскен бала өзінің алдағы өміріне дұрыс бағдарлама қалыптастырып үйренеді.  Сол себепті ата-әжелер және ата-аналар институтының де атқарар рөлі көбірек болса. 
            Ертегілер құдіретті нәрсе: ұйқыға  батқызады, қызықтырады, тыныштандырады, көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді. 
      Ертегі терапиясы баланың ағзасын шынықтыруда, толыққанды дене дамуына, физикалық қасиеттерін дамытуға, балалардың шығармашылық белсенділіктеріне мүмкіндік бере отырып, адамгершілік құндылықтары арқылы бала тұлғасын қалыптастырады.
Баланың  денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, оған салауатты өмір-салты туралы қажетті білім, қабілет пен дағдыларын қалыптастыру ертегі терапиясының мақсаты болып табылады. Ертегі терапиясы арқылы балаларды қимылдың барлық түріне саналы, белсенді түрде бұлшық еттерін дамыту арқылы қол жеткізуіне ықпал жасай отырып, достарымен - өздерінің қимылдарын бағалауға және бақылауға дағдыландырып, қимыл қызметінде шығармашылығын оятамыз. 
  Ертегінің мәтінін түсіне отырып;
  • Ертегідегі кейіпкердің кейіпіне еніп, жас ерекшелігіне байланысты іс-қимылын жасай отырып, мінез-құлқын тани білуі;
  • Ептілік, жалпы төзімділік, жылдамдық қасиеттерін бойына дарыту;
  • Белсенді қимыл қызметіне қызығушылыққа және дербестікке тәрбиелеу.
        Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру әрбір баланың интеллектуалдық сұраныстарын барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.]]>
admin Fri, 30 May 2025 13:06:20 +0600
Ата-аналар назарына! http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/976-ata-analar-nazaryna.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/976-ata-analar-nazaryna.html 12.05.2025ж берілген орындар жүйе жұмысы қалпына келтірілгеннен кейін, жолдама алу үшін 26.05.2025ж сағат 6.57-ден бастап қол жетімді болады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты мектепке дейінгі ұйымдарды толымдау кестесі келесідей жаңартылды: - 26.05.2025 ж. 2021 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 27.05.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2021 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 30.05.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. - 02.06.2025 ж. 2022 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 03.06.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2022 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 06.06.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. 09.06.2025 ж. 2023 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 10.06.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2023 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 13.06.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. Назар аударыңыз! Жолдамалары бар балаларды қабылдау мектепалды топ балаларының мектепке кетуіне қарай жүзеге асырылатынын қосымша хабарлаймыз, өйткені мектепке дейінгі мекемелер қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепалды топ балалары 1 тамызға дейін бара алады. Balabaqsha.bilimalmaty.kz жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша (бос орындардың болуы, кезекке қою, жолдама беру, жеке кабинетке кіру және т.б.) Call-орталыққа мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 1308, +7 (727) 338-33-88. Техникалық қолдау телефон нөмірі: +7 (771) 030-17-48. Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін (13:00-ден 14:00-ге дейін - түскі уақыт). Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Түсінушілікпен қарағандарыңызға алғыс білдіреміз!

]]>
12.05.2025ж берілген орындар жүйе жұмысы қалпына келтірілгеннен кейін, жолдама алу үшін 26.05.2025ж сағат 6.57-ден бастап қол жетімді болады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты мектепке дейінгі ұйымдарды толымдау кестесі келесідей жаңартылды: - 26.05.2025 ж. 2021 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 27.05.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2021 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 30.05.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. - 02.06.2025 ж. 2022 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 03.06.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2022 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 06.06.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. 09.06.2025 ж. 2023 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 10.06.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2023 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 13.06.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. Назар аударыңыз! Жолдамалары бар балаларды қабылдау мектепалды топ балаларының мектепке кетуіне қарай жүзеге асырылатынын қосымша хабарлаймыз, өйткені мектепке дейінгі мекемелер қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепалды топ балалары 1 тамызға дейін бара алады. Balabaqsha.bilimalmaty.kz жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша (бос орындардың болуы, кезекке қою, жолдама беру, жеке кабинетке кіру және т.б.) Call-орталыққа мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 1308, +7 (727) 338-33-88. Техникалық қолдау телефон нөмірі: +7 (771) 030-17-48. Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін (13:00-ден 14:00-ге дейін - түскі уақыт). Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Түсінушілікпен қарағандарыңызға алғыс білдіреміз!

]]>
admin Mon, 26 May 2025 08:37:10 +0600
«Бала біздің болашағымыз» http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/968-bala-bzd-bolashaymyz.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/968-bala-bzd-bolashaymyz.html ]]>
Бүгін біздің көтеріп отырған мәселеміз бұл – баланы мектепке дайындау мәселелері. Бұл  өзекті тақырып...
Өйткені мектептегі өзекті мәселелердің бірі ол - баланың қиын бейімделуі, баланы 1 сыныпқа қабылдайтын педагогтардың айтуынша ең қиын мәселе бұл – оларды оқыту емес, оларға өз бетінше киініп шешінуді, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсе білуді, еркелік, жылау, эмоционалдық тұрақсыздық т.б.  жағдаяттар туындайды.
Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу]]>
admin Thu, 17 Apr 2025 19:14:24 +0600
"Ардагер ұстаздарды құрметтеу" http://57.almatybala.kz/main/969-ardager-stazdardy-rmetteu.html http://57.almatybala.kz/main/969-ardager-stazdardy-rmetteu.html ]]>       Бұл кешке Әуезов ауданында қызмет еткен  ардагер басшыларымыз Бузаубеков Мекебай Қуанышбайұлы, Сейлова Людмила Турешқызы, Тажинова Бақыт Социалқызы арнайы шақырылды. Сонымен қатар, құрметті меймандар қатарында өз заманында білім мен тәрбие саласына өлшеусіз үлес қосқан, бүгінде абыройлы демалыста жүрген осы ауданның ардагер ұстаздары  болды. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей  ардагарлердің жылдар бойы жемісті еңбек еткен өнегелі өмір жолы – кейінгі буынға сарқылмас қазына.
      Кеш барысында жоғарыда  аталған   бөбекжай-балабақшаның  тәрбиеленушілері ардагерлерге деген алғыс пен ілтипатты ән салып, өлең оқып білдіртіп, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. 
      Ерекше атап өтерлік бөлім – «Бір сұрақ – бір естелік» айдары болды. Бұл сәтте ардагер ұстаздар естеліктерімен бөлісіп, өткен күндердің жаңғырығын қайта оралтты. «Өткенді еске алу – өскендіктің белгісі» дегендей, жиналғандарға ой салып, ұрпақтар сабақтастығын терең сезіндірді.
     Кеш соңында аудандық “Шексіз талант” фестивалінің жүлдегерлері мен жеңімпаздары өнер көрсетіп, мерекенің көркін қыздыра түсті. Ардагер ұстаздардың құрметіне гүл шоқтары табысталып, алғыс білдірілді. Жүректері толқыған, жанарларына жас үйірілген ардагерлер алғыстарын айтып, шынайы риясыз тілектерін білдірді.
      Мұндай өнегелі шараның ұйытқысы болған – Әуезов ауданы Білім бөлімінің басшысы Гүлнар Рахимқызы мен мектепке дейінгі ұйымның басшылары. Олардың бала тәрбиесіне, ұстаз қадіріне деген шынайы құрметі – осы бір әсерлі кештің басты мазмұнына айналды.]]>
admin Wed, 16 Apr 2025 15:48:00 +0600
Бракераж комиссиясының жұмысы http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/977-brakerazh-komissijasyny-zhmysy.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/977-brakerazh-komissijasyny-zhmysy.html ]]> ]]> admin Mon, 31 Mar 2025 16:01:21 +0600 Жаңа Ас мәзірі бекітілді http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/administraciya/955-zhaa-as-mzr-bektld.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/administraciya/955-zhaa-as-mzr-bektld.html ]]> ]]> admin Mon, 10 Feb 2025 16:16:14 +0600 Қысқы-көктемгі 10 күндік Ас мәзірі http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/administraciya/954-ysy-kktemg-10-kndk-as-mzr.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/administraciya/954-ysy-kktemg-10-kndk-as-mzr.html ]]> ]]> admin Mon, 10 Feb 2025 16:10:52 +0600 «КӨҢІЛДІ СТАРТ» эстафеталық ойыны http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/952-kld-start-jestafetaly-ojyny.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/952-kld-start-jestafetaly-ojyny.html ]]> ]]> admin Wed, 05 Feb 2025 13:32:04 +0600 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық Университеті. педагогика және психология Институтының Өндірістік педагогикалық практика базасы КМҚК "№57 бөбекжай балабақшасы" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/951-aza-ltty-yzdar-pedagogikaly-universitet-pedagogika-zhne-psihologija-institutyny-ndrstk-pedagogikaly-praktika-bazasy-kmk-57-bbekzhaj-balabashasy.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/951-aza-ltty-yzdar-pedagogikaly-universitet-pedagogika-zhne-psihologija-institutyny-ndrstk-pedagogikaly-praktika-bazasy-kmk-57-bbekzhaj-balabashasy.html ]]> ]]> admin Mon, 20 Jan 2025 13:10:48 +0600 СЕНБІЛІК http://57.almatybala.kz/main/925-senblk.html http://57.almatybala.kz/main/925-senblk.html

қшаның айналасын қоқыстардан тазартты.]]>
]]> admin Mon, 21 Oct 2024 23:53:27 +0600