Жылдық жоспар - КГКП "Ясли сад № 57" http://57.almatybala.kz/ ru Жылдық жоспар - КГКП "Ясли сад № 57" DataLife Engine Консультациялық пункт http://57.almatybala.kz/meroprijatija-prazdniki/pedagog-psihologty-zhmystary/987-konsultacijaly-punkt.html http://57.almatybala.kz/meroprijatija-prazdniki/pedagog-psihologty-zhmystary/987-konsultacijaly-punkt.html ]]>  - балалардың сөздік қорларын дамыту; 
- жаңа сөздерді меңгерту; 
- үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып  саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шынайы тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.  Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.  ]]>
admin Mon, 02 Jun 2025 19:10:00 +0600
«Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас» "ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/979-br-ken-trbiesn-zhz-mektepte-bere-almas-keler-mekteb.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/979-br-ken-trbiesn-zhz-mektepte-bere-almas-keler-mekteb.html ]]> Қазіргі кезде балаларға қоғамның ықпалы барған сайын күшейе түсуде, олардың тәрбиесіне түрлі мекемелер мен ұйымдар қатысады. Ал, отбасы ше? Оның тәрбие берудегі рөлі қандай? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі.Қазіргі уақытта жұмыс басты аналар мен әкелердің барлығының бірдей балаларды тәрбиелеуге уақыттары бола бермей, соңында отбасындағы тәрбиеге жұмсалатын еңбек өте өнімсіз еңбекке айналуда. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды.
Біздің балабақша тәрбиеленушілерінің осындай әкелері үлгі болып, бала тәрбиесіне, балабақша өміріне белсене қатысқан: "Көгершін" тобынан Әкесі: Назарханов Нурсултан Махсетбайұлына және баласы: Назархан Айбарға, Әкесі: Нотай Ерболға және баласы: Ерболұлы Есенге, “Тулпар” тобынан Әкесі Мусаев Равильге және баласы Мусаев Райдке, "Гүлдер" тобынан белсенді әке Сабырханов Олжас Ағманұлына ерекше алғыс білдіреміз!


]]>
admin Mon, 02 Jun 2025 17:46:47 +0600
«Балабақшада «Step by Step» технологиясын қолдану ерекшеліктері» іскерлік ойыны өтті http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/981-balabashada-step-by-step-tehnologijasyn-oldanu-erekshelkter-skerlk-ojyny-tt.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/981-balabashada-step-by-step-tehnologijasyn-oldanu-erekshelkter-skerlk-ojyny-tt.html ]]> «Дене тәрбиесі – тұтас бір әлем»
            «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене тәрбие театры» - бұл балалардың дене дамуының жаңа әдісін қолдануды көздейтін дене тәрбиесіне жаңа көзқарас».
            Мектепке дейінгі кезеңде баланың дене мүшелерінің  қарқынды дамуы және дененің функционалдық жүйелерінің қалыптасуы жүреді. Қазіргі уақытта балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін білім мен практикалық дағдылардың белгілі бір негізін қалау, дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде айналысу қажеттілігін қалыптастыру өте маңызды. Тек классикалық дене тәрбиесін үнемі қолдану «балалардың сабаққа деген қызығушылығының төмендеуіне», соның салдарынан олардың тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Бүгінгі таңда балалардың мінез-құлығын қалыптастыру үшін «ертегі терапиясы» деген ұғым кеңінен қолданылып жүр.
            Балаларды дені сау, епті және жан жақты тәрбиелеу – тек мектепке дейінгі мекеменің ғана міндеті  емес, ең алдымен ата-ананың міндеті болып табылады.  Қозғалыста болу денсаулықты жақсарту мен нығайту дегенді білдіреді. Балалық шақта мақсатты педагогикалық ықпалдың нәтижесінде жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына қажетті денсаулық, дененің жалпы төзімділігі мен өнімділігі, басқа да қасиеттер қалыптасады. Оның жақсы әсері соншалық, ем ретінде арт-терапия, танато-терапия, дене-қимыл терапиясымен тең дәрежеде тиімді саналады. Яғни, ертегінің баланы емдеу-сауықтыру шарасына ықпалы өте күшті.
       Ертегі тыңдап өскен бала өзінің алдағы өміріне дұрыс бағдарлама қалыптастырып үйренеді.  Сол себепті ата-әжелер және ата-аналар институтының де атқарар рөлі көбірек болса. 
            Ертегілер құдіретті нәрсе: ұйқыға  батқызады, қызықтырады, тыныштандырады, көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді. 
      Ертегі терапиясы баланың ағзасын шынықтыруда, толыққанды дене дамуына, физикалық қасиеттерін дамытуға, балалардың шығармашылық белсенділіктеріне мүмкіндік бере отырып, адамгершілік құндылықтары арқылы бала тұлғасын қалыптастырады.
Баланың  денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, оған салауатты өмір-салты туралы қажетті білім, қабілет пен дағдыларын қалыптастыру ертегі терапиясының мақсаты болып табылады. Ертегі терапиясы арқылы балаларды қимылдың барлық түріне саналы, белсенді түрде бұлшық еттерін дамыту арқылы қол жеткізуіне ықпал жасай отырып, достарымен - өздерінің қимылдарын бағалауға және бақылауға дағдыландырып, қимыл қызметінде шығармашылығын оятамыз. 
  Ертегінің мәтінін түсіне отырып;
  • Ертегідегі кейіпкердің кейіпіне еніп, жас ерекшелігіне байланысты іс-қимылын жасай отырып, мінез-құлқын тани білуі;
  • Ептілік, жалпы төзімділік, жылдамдық қасиеттерін бойына дарыту;
  • Белсенді қимыл қызметіне қызығушылыққа және дербестікке тәрбиелеу.
        Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру әрбір баланың интеллектуалдық сұраныстарын барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.]]>
admin Fri, 30 May 2025 13:06:20 +0600
«Әжелер – шаңырақтың алтын қазығы» http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/980-zheler-shayraty-altyn-azyy.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/980-zheler-shayraty-altyn-azyy.html ]]> «Әжелер – шаңырақтың алтын қазығы» 
Даналарым армысың, балаларым бармысың!
Ұмытылмай сақталсын асыл мұра дәстүрің,
Ерте тұрып езілмей, жасыңнан үйрен тежілмей
Бой қыздырып, ой жүргізіп, шапшаң баста күніңді!

Отбасы – тәрбиенің қайнар көзі. Бала тәрбиенің алғашқы бастамасын отбасында алады, онда адамгершілік тәрбиесінің негізі қалыптасады. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлер мен асыл мұратқа баулу отбасында іске асырылады. Адамдар арасындағы өзара түсіністікке әкелетін айналасындағыларды жақсы көру және оларға құрмет көрсету дәстүрлері отбасында қалыптасады. Отбасында балаларды тәрбиелеумен көбінесе аға буын – аталар мен әжелер айналысты. Дана қарттар отбасындағы дәстүрлерді сақтап, оларды өскелең ұрпаққа жеткізеді. Жаңа нормативтік-мазмұндық тәсілдерді іске асыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алдына ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар қойылады. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер оқутәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен тығыз байланыс орната отырып, тәрбиелеу мен оқытуды ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарға негіздеп, балаға жайлы жағдайлар жасауы қажет. Бұл баланың бойында қажетті дағдылардың қалыптасуына, олардың дербес әрекет етуіне, еркіндікті сезінуіне ықпал етеді. ]]>
admin Fri, 30 May 2025 12:57:05 +0600
Жазғы-күзгі 10 күндік ас мәзірі http://57.almatybala.kz/meroprijatija-prazdniki/986-zhazy-kzg-10-kndk-as-mzr.html http://57.almatybala.kz/meroprijatija-prazdniki/986-zhazy-kzg-10-kndk-as-mzr.html ]]> ]]> admin Thu, 29 May 2025 18:57:29 +0600 "Жас түлек - 2025" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/984-zhas-tlek-2025.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/prepodavateli/984-zhas-tlek-2025.html ]]> Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін]]>
admin Tue, 27 May 2025 13:52:31 +0600
Ата-аналар назарына! http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/976-ata-analar-nazaryna.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/976-ata-analar-nazaryna.html 12.05.2025ж берілген орындар жүйе жұмысы қалпына келтірілгеннен кейін, жолдама алу үшін 26.05.2025ж сағат 6.57-ден бастап қол жетімді болады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты мектепке дейінгі ұйымдарды толымдау кестесі келесідей жаңартылды: - 26.05.2025 ж. 2021 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 27.05.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2021 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 30.05.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. - 02.06.2025 ж. 2022 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 03.06.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2022 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 06.06.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. 09.06.2025 ж. 2023 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 10.06.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2023 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 13.06.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. Назар аударыңыз! Жолдамалары бар балаларды қабылдау мектепалды топ балаларының мектепке кетуіне қарай жүзеге асырылатынын қосымша хабарлаймыз, өйткені мектепке дейінгі мекемелер қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепалды топ балалары 1 тамызға дейін бара алады. Balabaqsha.bilimalmaty.kz жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша (бос орындардың болуы, кезекке қою, жолдама беру, жеке кабинетке кіру және т.б.) Call-орталыққа мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 1308, +7 (727) 338-33-88. Техникалық қолдау телефон нөмірі: +7 (771) 030-17-48. Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін (13:00-ден 14:00-ге дейін - түскі уақыт). Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Түсінушілікпен қарағандарыңызға алғыс білдіреміз!

]]>
12.05.2025ж берілген орындар жүйе жұмысы қалпына келтірілгеннен кейін, жолдама алу үшін 26.05.2025ж сағат 6.57-ден бастап қол жетімді болады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты мектепке дейінгі ұйымдарды толымдау кестесі келесідей жаңартылды: - 26.05.2025 ж. 2021 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 27.05.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2021 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 30.05.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. - 02.06.2025 ж. 2022 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 03.06.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2022 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 06.06.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. 09.06.2025 ж. 2023 жылы туылған балалар үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда орындар салынатын болады 1) Орындар 10.06.2025 ж. сейсенбі күні сағат 7:00-ден бастап 2023 жылы туылған кезегі келген балаларға қолжетімді болады; 2) Қалған орындар (бар болған жағдайда) 13.06.2025 ж. жұма күні 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады. Назар аударыңыз! Жолдамалары бар балаларды қабылдау мектепалды топ балаларының мектепке кетуіне қарай жүзеге асырылатынын қосымша хабарлаймыз, өйткені мектепке дейінгі мекемелер қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепалды топ балалары 1 тамызға дейін бара алады. Balabaqsha.bilimalmaty.kz жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша (бос орындардың болуы, кезекке қою, жолдама беру, жеке кабинетке кіру және т.б.) Call-орталыққа мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 1308, +7 (727) 338-33-88. Техникалық қолдау телефон нөмірі: +7 (771) 030-17-48. Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін (13:00-ден 14:00-ге дейін - түскі уақыт). Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Түсінушілікпен қарағандарыңызға алғыс білдіреміз!

]]>
admin Mon, 26 May 2025 08:37:10 +0600
ОТБАСЫ КҮНІ - БАЛАБАҚШАДА “15 мамыр Халықаралық отбасы күні” мерекесіне орай ұйымдастырылған “Әкем, анам және мен” атты спорттық жарыс. http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/978-otbasy-kn-balabashada-15-mamyr-halyaraly-otbasy-kn-merekesne-oraj-jymdastyrylan-kem-anam-zhne-men-atty-sportty-zharys.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/pedagogter-arasynday-konkusr-atysushylary/978-otbasy-kn-balabashada-15-mamyr-halyaraly-otbasy-kn-merekesne-oraj-jymdastyrylan-kem-anam-zhne-men-atty-sportty-zharys.html ]]> Спорттық шараның атауы: «Әкем, анам және мен» отбасылық эстафеталық сайыс.
Мақсаты: Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата - аналарды балабақша өміріне араластыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата - аналарға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру, отбасының үндестікті және балалардың икемділігін, шапшаңдылығын, достыққа тәрбиелеу.
Жарысқа: 
“Бозжорға” тобынан - Кеңес отбасы
“Жұлдыз” тобынан - Шаймерден отбасы
“Шағала” тобынан - Абдикалыковтар отбасы
“Қошақан” тобынан - Есмагамбетовтер отбасы
“Тұлпар” тобынан - Жанділда отбасы
“Жұлдыз” тобынан - Абильжановтар отбасы қатынасып белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!




]]>
admin Thu, 15 May 2025 16:10:02 +0600
"Әкем, анам және мен" http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/975-kem-anam-zhne-men.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/975-kem-anam-zhne-men.html ]]> Жарысқа: 
“Бозжорға” тобынан - Кеңес отбасы
“Жұлдыз” тобынан - Шаймерден отбасы
“Шағала” тобынан - Абдикалыковтар отбасы
“Қошақан” тобынан - Есмагамбетовтер отбасы
“Тұлпар” тобынан - Жанділда отбасы
“Жұлдыз” тобынан - Абильжановтар отбасы қатынасып белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

]]>
admin Thu, 15 May 2025 09:07:36 +0600
15 МАМЫР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/974-15-mamyr-halyaraly-otbasy-kn.html http://57.almatybala.kz/o-detskom-sade/974-15-mamyr-halyaraly-otbasy-kn.html ]]> 15 МАМЫР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІБіздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отасы күні еліміздің түкпір-түкпірінде аталуда.
Қай уақытта болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Бала тәрбиесіне жіті мән берген. Қазақ танымындағы әке-шеше, аға-ініге, туған-туысқа қатысты мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп халқымыз қашан да отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, биік ұстап бекемдеп отырған.
]]>
admin Thu, 15 May 2025 09:06:05 +0600