"Өнеге-отбасынан" дәстүрлі отбасылық жарыс
Балабақшамызда дәстүрге айналған "Өнеге-отбасынан" отбасылық жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойына сіңіре отырып, салт-дәстүрімізді құрметтеуге, терең түсінуге тәрбиелеу. Жарысқа 6 отбасы қатынасып, барлық отбасылар өз өнерлерін ортаға салды. Балабақшаның меңгерушісі Г.А. Бельгибаева жарыс қатысушыларын марапаттап, ризашылығын білдірді.