Қарттарым-асыл қазынам
1-октябрь қарттар күніне орай балабақшамызда бір айлық "Үлкенге құрмет" іс-шарасы ұйымдастырылып, айдың соңында "Қарттарым-асыл қазынам" атты мерекелік концерт өткізілді. Концертке ата-аналарда балаларымен келіп, ата-әжелеріне арналған әндер орындап, өз өнерлерін көрсетті. Концертке қатысқан ата-аналарды балабақшаның меңгерушісі Г.А. Бельгибаева "Алғыс хатпен" марапаттады.