Ортаңғы "Қарлығаш", "Жұлдыз" топтарындағы ата-аналар жиналысы
"Баланың денсаулығын сақтау басты мәселе" тақырыбында ортаңғы "Қарлығаш", "Жұлдыз" топтарында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста негізі тақырып бойынша тәрбиешілер баяндама оқып, дене шынықтыру жаттықтырушысы А.Бексеитова баланың дене құрылысының дамуы бойынша ата-аналарға мастер класс, жаттығулар көрсетті. Жиналыс соңында балабақша меңгерушісі жиналысқа келген ата-аналарға алғысын айтып, сұрақтарына жауап берді.