16
апрель
2025
"Ардагер ұстаздарды құрметтеу"
Әуезов ауданына қарасты №57 бөбекжай-балабақшасында 2025 жылы 18 апрель күні тағылымы мол, ел игілігі үшін еңбек етіп, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетілген әсерлі «Балалар бағының бағбандары» атты кездесу кеші өткізілді.Мақсаты - ұрпаққа үлгі етер ардақты ардагерлерімізді ұлықтап, олардың өмір жолын және еңбекке деген адалдығын бүгінгі жастарға жеткізу.Бұл – бір сәттік емес, жүрекке жылу ұялатқан мәңгі есте қалатын шара болды. Білім нәрін төккен, ғұмырын ізденіспен өткізген барша ұстазға Алғысымыз шексіз болды!
Бұл кешке Әуезов ауданында қызмет еткен ардагер басшыларымыз Бузаубеков Мекебай Қуанышбайұлы, Сейлова Людмила Турешқызы, Тажинова Бақыт Социалқызы арнайы шақырылды. Сонымен қатар, құрметті меймандар қатарында өз заманында білім мен тәрбие саласына өлшеусіз үлес қосқан, бүгінде абыройлы демалыста жүрген осы ауданның ардагер ұстаздары болды. «Хорошийның аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей ардагарлердің жылдар бойы жемісті еңбек еткен өнегелі өмір жолы – кейінгі буынға сарқылмас қазына.
Кеш барысында жоғарыда аталған бөбекжай-балабақшаның тәрбиеленушілері ардагерлерге деген алғыс пен ілтипатты ән салып, өлең оқып білдіртіп, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.
Ерекше атап өтерлік бөлім – «Бір сұрақ – бір естелік» айдары болды. Бұл сәтте ардагер ұстаздар естеліктерімен бөлісіп, өткен күндердің жаңғырығын қайта оралтты. «Өткенді еске алу – өскендіктің белгісі» дегендей, жиналғандарға ой салып, ұрпақтар сабақтастығын терең сезіндірді.
Кеш соңында аудандық “Шексіз талант” фестивалінің жүлдегерлері мен жеңімпаздары өнер көрсетіп, мерекенің көркін қыздыра түсті. Ардагер ұстаздардың құрметіне гүл шоқтары табысталып, алғыс білдірілді. Жүректері толқыған, жанарларына жас үйірілген ардагерлер алғыстарын айтып, шынайы риясыз тілектерін білдірді.
Мұндай өнегелі шараның ұйытқысы болған – Әуезов ауданы Білім бөлімінің басшысы Гүлнар Рахимқызы мен мектепке дейінгі ұйымның басшылары. Олардың бала тәрбиесіне, ұстаз қадіріне деген шынайы құрметі – осы бір әсерлі кештің басты мазмұнына айналды.