Республикалық сайтқа жариялану
МКҚК «№57 балабақшасы» 2010 жылдан бері БҰҰ Балалар қорының «ЮНИСЕФ) және Еуропалық Одақтың Гуманитарлық көмек көрсету департаментінің қолдауымен табиғи апаттар азайту бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен жобасын орындау үшін таңдап алынды. Сол уақыттан бастап балабақша тәрбиеленушілеріне арналған «Қауіпсіздік сабақтары» курсының бағдарламасы бойынша 4 жастан бастап, яғни ортаңғы, ересектер және мектепке даярлық топтарының балаларымен жұмыс жасап, жүргізіп келеді. 2017 жылдың 27 октябрьында ББЖ ҚРАБИ мен БҰҰ "ЮНИСЕФ" Балалар қорының бірлескен жобасы аясында ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы Васко Поповски және "ЮНИСЕФ-тің қазақстандағы өкілі Ставкина Аннамен кездесу өтті. Кездесу барысында балалабақша тәрбиеленушілерінің апатты жағдай кезіндегі әрекеттері ойын түрінде ұйымдастырылып, көрсетілді. Сол туралы мәлімет
"ӨРЛЕУ” БАҰО” АҚ филиалының Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтының сайтында жарияланды.