06
мамыр
2025
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 105 бұйрығы
Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) енгізілсін.";
2-тармақтың 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;";
2-тармақтың 3-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) Көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Өңірлерді мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасына көшу кестесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (М.Е. Адамова) Пилоттық жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті (Н. Нұрлан) Пилоттық жобаны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
4. "Қаржы орталығы" Акционерлік қоғамы (А.И. Ибраимов) Пилоттық жобаның операторы болып белгіленсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне (Е.С. Оспан) жүктелсін.
6. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 3 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі | Ғ. Бейсембаев |