2024-2025 оқу жылының күн тәртібі
Күн тәртібі Мектепке дейінгі кезеңде баланың денесінің қарқынды дамуы байқалады. Баланың жүйке, тірек-қимыл жүйесі белсенді түрде қалыптасады, тыныс алу аппараты жетіледі. Өмірдің осы кезеңінде жақсы денсаулық пен толық физикалық дамудың негіздері қаланады. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті режимін физикалық, психологиялық және үйлесімді дамудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін күн тәртібінің ұйымдастырылуы маңызды орын алады.