18
қыркүйек
2025
Саусақпен ойнау – тек ойын ғана емес
Саусақпен ойнау – тек ойын ғана емес, ол – сөйлеуге дайындықтың маңызды кезеңі. Түрлі саусақ жаттығулары, саусақ ойындары (“Саусақтар сөйлейді”, “Бес саусақ”, “Қуырмаш” және т.б.) баланың тіл бұлшықеттерін жанама түрде жаттықтырып, миының сөйлеуге жауап беретін орталықтарын белсендіреді.
Сондықтан бала тілінің дамуына қолдау көрсеткіңіз келсе, алдымен оның саусақтарын жаттықтырыңыз: мозаика құрастырсын, сурет салсын, қамыр илесін, түйме қадасын, саусақ ойындарын ойнасын. Мұндай әрекеттер – тек тіл дамуына ғана емес, логика мен ойлау қабілетінің артуына да үлкен септігін тигізеді.
Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау саусақ ойыны деп аталады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс - қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету - тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.